Жаңалықтар
«Мобильді жұмыспен қамту орталығы» жобасының шеңберінде презентациялық білім беру алаңы өтті

«Мобильді жұмыспен қамту орталығы» жобасының шеңберінде презентациялық білім беру алаңы өтті

Презентационная образовательная площадка в рамках проекта «Мобильный центр занятости»

«Мобильді жұмыспен қамту орталығы» жобасының шеңберінде презентациялық білім беру алаңы өтті

10 шілде күні Алматы қаласы Алмалы ауданының Жібек Жолы көшесінде орналасқан «Арбатта» «Мобильді жұмыспен қамту орталығы» жобасының шеңберінде презентациялық білім беру алаңы өтті. Іс-шараны Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткізді. Жыл сайын біздің қаламызға Қазақстанның қалалары мен шет елдерден көптеген талапкерлер келеді, оларды студенттердің сапалы білім алуына мүмкіндік беретін беделді жоғары оқу орындары мен білім беру мекемелері көп қызықтырады. Сондықтан ұйымдастырушылар басқа өңірлерден келген жастар мен Алматы мектептерінің түлектеріне жоғары оқу орнын, колледж бен сұранысқа ие мамандықтарды таңдауға көмектесу керек деп шешім қабылдады. Арнайы олар үшін 10 шілде күні үлкен презентациялық алаң ұйымдастырылды, онда Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледждері білім беру бағдарламаларының топтамаларын, мамандықтар мен факультеттер тізімін таныстырды.
 
Дәл осы күні «Мобильді жұмыспен қамту орталығы» еркін микрофон режимінде жұмыс істегендіктен барлық жоғары оқу орындарының өкілдеріне, қатысушыларына өздерінің оқу орындары туралы ой бөлісуге мүмкіндік берілді, осы мүмкіндікті Алматы қаласының келесі жоғары оқу орындары сәтті пайдаланды: Алматы қатынас жолдары университеті; Қазақстан-Ресей медициналық университеті; «Қайнар» академиясы; Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті; Қазақ-Неміс университеті; «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті; Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті; Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА); Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; Алматы энергетика және байланыс университеті. Оқу орындарының өкілдері мен студенттері өз факультеттері, мамандықтары, білім гранттары, оқу бағалары туралы айтып, магистратура мен бакалаврға түсу тәртібін түсіндірді.
 
Сонымен қатар, іс-шараға тіл мектептерінің, шет елдегі білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Ал жұмыс істеуге бел буғандар үшін «Срочно требуется» газетінен ең жаңа бос жұмыс орындарының тізімі ұсынылды, Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлері барлық тілек білдірушілерді қолжетімді ипотекалық несиелендірудің жаңа бағдарламасы ұсынылған «Алматы Жастары», «Свой дом», «Нұрлы жер» әлеуметтік жобалары туралы хабардар етті. Бұл білім беру алаңы талапкерлер бір жерде, барлық университеттерді аралап шығуға уақыт жоғалтпай, қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінің өкілдерімен жеке сөйлесіп, кеңес алып, оқуға түсу шарттарын біліп алу мүмкіндігімен ыңғайлы және өзекті болып табылады.
 
Сонымен қатар, «Мобильді жұмыспен қамту орталығы» акциясында кеңес беруші психолог мамандық таңдау бойынша ұсыныстар беріп, сондай-ақ барлық тілек білдірушілер дұрыс түйіндеме жазу және жұмысқа орналасу кезінде қажетті құжаттарды қабылдау қағидалары туралы пайдалы ақпарат алды.
 
Жалпы, презентациялық білім беру алаңына 1000-нан астам адам қатысып, кеңес алды.









10.07.2019

Возврат к списку