Жаңалықтар
«Жеке тұлға және мотивация» тақырыбында семинар өтті

«Жеке тұлға және мотивация» тақырыбында семинар өтті

Cеминар на тему: «Личность и  мотивация»

«Жеке тұлға және мотивация» тақырыбында семинар өтті

2019 жылдың 9 сәуірінде Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Жеке тұлға және мотивация» тақырыбында семинар өткізді. Шақырылған қонақтармен бірге осы семинарға Алматы қаласының жастары да қатысты. Бүгінгі семинардың лекторы Салихов Саид Абдуллаевич  әр адамда болуы тиіс мотивациялар туралы, «өз мақсатыңды қалай дұрыс қалыптастыру» керек екенін айтып, «5 жылдан кейін өзіңізді қалай елестетесіз?» туралы мәселелер қаралды.
Мотивация туралы түсінік мінез-құлықты сипаттау емес, түсіндіру әрекеті кезінде туындайды.
Бұл – «неге?», «не үшін?», «қандай мақсат үшін?», «неліктен?", «не мақсатпен»...?» секілді үлгідегі сұрақтарға жауап іздеу. Мінез-құлықтың тұрақты өзгеруінің себептерін анықтау және сипаттау оның іс-әрекеттерінен тұратын мотивация туралы сұрақтың жауабы болып табылады. 
Жас балалар жаттығу арқылы 2 түрлі мінез-құлықты қарастырды:
1) сыртқы мотивация және тиісінше, сыртқы дәлелді мінез-құлық; 
2) ішкі мотивация және тиісінше іштей мотивацияланған мінез-құлық.
Семинар соңында жеке тұлғаның қасиеттері туралы мәселе қаралды.
Лектор жеке тұлғаның қасиеттері психикалық процестердің ерекшеліктерінің, индивидтің жағдайы мен қасиеттерін, мінезінің ерекшеліктерін, темпераменттің ерекшеліктерін, мінез-құлықтың ерекшелігін, басқа адамдармен, қоршаған ортамен, өзімен өзара әрекеттесуін, яғни тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін білдіретінін. Сонымен қатар, адамның жеке қасиеттері бар білімді, іскерлікті және дағдыларды қамтуын  атап өтті.








 
09.07.2019

Возврат к списку