Жаңалықтар
Өлкетану экспедицияларының топтамасын өтті

Өлкетану экспедицияларының топтамасын өтті

Цикл краеведческих экспедиций для подростков и молодежи в г.Алматы

Өлкетану экспедицияларының топтамасын өтті

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Алматы қаласының Демалыс орталықтарындағы жасөспірімдер мен жастар үшін өлкетану экспедицияларының топтамасын өткізеді.
2019 жылдың 5 шілдесінде аула клубтарының жас балалары мен жасөспірімдеріне Бартоғай су қоймасының ғажайып табиғатын тамашалауға мүмкіндік берілді. Бартоғай су қоймасы Алматы қаласынан 186 км қашықтықта Торайғыр және Сөгетті тауларының арасынан ағып жатқан Шелек өзенінің жайылмасындағы биіктігі 60 метр, ұзындығы 330 метрді құрайтын 60 метрлі салмақты тастардан тұрғызылған бөгетпен қоршалған, су өткізу құрылыстарының кешенін қамтитын, өзімен аттас шатқалда орналасқан. 
Бартоғай су қоймасы ұзындығы 160 км арна арқылы қыста су жинау және жазда алқаптарды суару үшін тұрғызылған. Шелек өзенінен су маусым және қыркүйек аралығында құяды. Осы уақытта сарқыраған өзен суының ғажайып құбылысын бақылауға болады, ағынды судан шашыраған тамшылар күн сәулесімен шағылысып, көз алдыңызда алуан түсті кемпірқосақ пайда болады. Осы туралы және сұлу табиғатымыздың ерекшеліктері туралы біздің гид сапарымыздың барысында өте қызықты баяндап берді.  
Жол үстінде жасөспірімдер мен жастар көркем жерлерді терезеден тамсана қарап отырды.
Танымдық серуеннен және көптеген әдемі, естелік суреттерден кейін жас зерттеушілер дәмді палау әзірлеп, самаурыннан шай ішіп, кешті волейбол ойынымен жалғастырды.
100-ден астам балалар осындай қызықты да танымды сапарға айналған саяхатқа өте разы болды, бұдан басқа осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың командалық рухын, ауызбіршілігі мен туған өлкеге деген сүйіспеншілігін дамытып, ілтипатты болуға, белсенділік пен жауапкершілікке тәрбиелейді.


  

 



 

06.07.2019

Возврат к списку