Жаңалықтар
"Коммуникативтік құзыреттілік" cеминар-тренингі

"Коммуникативтік құзыреттілік" cеминар-тренингі

Семинар-тренинг «Коммуникативная компетентность».

"Коммуникативтік құзыреттілік" cеминар-тренингі

9 шілде күні Жастар ресурстық орталығының Coworking center-інде "коммуникативтік құзыреттілік" тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарға Алматы қаласының Аула клубтарының жетекшілері мен педагогтары қатысты. Аталған іс-шараның басты мақсаты - оқушылардың іс-әрекеттерін алдын ала болжай білу, оларға тікелей әсер ету және қандай да бір педагогикалық жағдайда өз мінез-құлқын басқару.
Коммуникативтік компонент - бұл оқушылармен, педагогтармен, ата-аналармен дұрыс қарым-қатынас жасау қабілеті. Басқаша айтқанда, коммуникативтік компонент педагогикалық қызмет жағдайында қарым-қатынасты көздейді. Адалдық, мейірімділік, шыдамдылық, әдептілік, осындай қабілеттер нағыз педегогтың бойында болу керек.
Іс-шара барысында педагогтар «түсүнушілік» ережесін зерттеді. Коммуникативтік білімділігі деңгейі төмен педагогтар жеке тұлғаға бағытталған білім беру технологияларын іске асыруға қабілетсіз, оқыту мен тәрбиелеу барысында процесті икемді басқаруға, өзара түсіністікке жәрдемдесуге, коммуникативтік технологияларды қолдануға дайын емес болады. Моральдық - психологиялық климаттың коммуникативтік білімділігі, қарым-қатынастың демократиясы мен гуманизміне, мәселелерді шешу тұрғысынан қарым-қатынастың тиімділігіне, қарым-қатынасты орнатудың нәтижелілігіне, мұғалім мен оқушылардың өз еңбегімен қанағаттануына тәуелділік байқалады. Семинар-тренингте психолог педагогтарға балалармен қарым-қарымқатыныстарының ерекешеліктерін қарауға мүмкіндік берді. Осындай семинар-тренингтер педагогтарға алған білімдерін аула клубтарындағы балалармен және жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынасында қолдануға көмектеседі.









04.07.2019

Возврат к списку