Жаңалықтар
Мамандық пен кәсіптің қоғамдағы рөлі

Мамандық пен кәсіптің қоғамдағы рөлі

Профессия, призвание и роль в обществе

Мамандық пен кәсіптің қоғамдағы рөлі

Әрқайсымыз болашақ мамандық таңдау проблемасымен кездесеміз. Кейбіреулерге бұл оңай, ал кейбіреулеріне қызмет түрін анықтау қиын. Болашақ мамандығымызды таңдай отырып, біз өз болашағымызды, өз таңдауымызды және қоғамдағы рөлімізді таңдаймыз. Өз мамандығына деген сүйіспеншілік көп нәрсеге жеткізеді. Өйткені, сен шұғылданатын жұмысынды ұнатпасан, жұмысқа деген ынта-жігерін болмай, жасап жүрген жұмысын туралы ешқандай естіліктер қалмайтыны сөзсіз.      
Өкінішке орай, мектеп, ата-аналар және қоршаған орта  өзімізге ұнайтын жұмысты емес, бізге көбірек ақша әкелуі мүмкін жұмысты таңдауға кеңес беріп келеді. Ұнамайтын жұмыстарды жасап біз көп нәрсені жоғалтамыз. Өйткені, қоғамдағы сүйіп жасайтын кәсібін таппаған адам бақытты бола алмайды. Мұндай адам жарқын эмоциясыз, біртүрлі өмір сүреді, сонымен қатар ол өзін сәтсіз адам ретінде сезініп, өзінің дәрменсіз екендігін түсңнеді.
Жастардың өтініші бойынша, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры "Мамандық пен кәсіптің қоғамдағы рөлі" тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинарға қатысушылар болашақ мамандықтары бойынша сұрақтар қойып, кәсіптерін қалай анықтауға болатынын білгісі келді. 
Кәсіп  – тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі. 
 Сіз өз таңдауыңызды жасап, жақсы көріп жасайтын кәсібіңізбен шұғылданып жүргеніңізді түсіну өте оңай. Біріншіден, сен бұл іске деген құмарлықты сезінесің және бұл істі жақсы жасайсын. Бұл ісінде шығармашылық деңгейің өте жоғары – сен басқалардың жасағаның көшірмейсің, өз ісіңе тың жаңалықтар енгізе отырып, өзіннің дамуына үлес қосасын. Екіншіден, осы істің шебер маманы екенінді басқа адамдар мойындайды. Адамдар үшін пайдалы іс жасап жатқаныңды, олардың өмірлерін жақсартып, проблемаларын шешуге көмектесіп жүргенінді көреді. Кәсібің - уақыт өте келе мол табыс әкеліп, адамдардың сізді мойындап жақсы тани білуіне себепкер болады.
 Психолог семинар барысында көптеген әдістермен бөлісті, өз таңдауынды, мамандығынды дұрыс қателеспей таңдау әдістерін және қоғамдағы рөлдің маңыздылығын айтты. Сонымен қатар, семинар қатысушыларына осы тақырып бойынша оқу әдебиетінің тізімін ұсынды.


 

 

 

02.07.2019

Возврат к списку