Жаңалықтар
Ұлттық Домбыра Күні мерекесі

Ұлттық Домбыра Күні мерекесі

Национальный День Домбры

Ұлттық Домбыра Күні мерекесі

Өткен жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланды. Жыл сайын атап өтілетін бұл мерекелік күннің ұлттық мұрамызға қосар үлесі салмақты болмақ. Домбыра күні қоғамды мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында тойланады. "Домбыра-бұл жай ғана музыкалық аспап емес, бұл қасиетті мұра. Ол қазақ халқының көптеген жылдар бойы келе жатқан қадір-қасиеті", — деді Елбасы Н. Назарбаев.
Күй - халқымыздың рухани асыл байлығының бір саласы. Ол өз тарапынан тарихтың алуан белестерін, ел шежіресінде орын тепкен ұлы оқиғалар сырын, адам өмірінің қат-қабат шындығын елестетеді. Өзінің көркемдігі, көлемі, мазмұны, әсері жағынан күй музыкалық мұра ішінде күрделі орын иеленеді. Сондықтан қазақ халқы күйшілерді жоғары бағалаған. "Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра!"- бұл нақыл сөздер қазақ халқы арасында кең таралған. Бұл сөздер домбыра ойнаудың маңыздылығын және осы аспаптарға деген сүйіспеншілігін білдіреді.
    Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры осындай тамаша мәдениет мерекесінің құрметіне және осы ұлттық құралды одан әрі танымал ету мақсатында аспаптың құрылу тарихы, домбырада ойнау және дайындау бойынша мастер-класс өткізді. Мастер-класс Depo Evolution Park-да өтті, оған Алматы қаласының шығармашылық демалыс орталықтарының басшылары мен педагогтары, ұлттық аспаптың осы түрін бағалаушылар, сонымен қатар біздің мегаполистің қонақтары мен тұрғындары қатысты.
Домбырада ойнау және дайындау бойынша өткізілген кездесуіміз, қазақтың аспапты этно-рок стилінде жұмыс істейтін атақты "Ұлы Тау" тобының домбырашысы -Әлімбетов Ержанның өнер көрсетуімен өз жалғасын тапты. 
    Ержан 2018 жылдан бастап Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның солисті, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ҚР «Мәдениет қайраткері» атағының иегері. Іс-шара қонақтары үшін демалыс орталықтарының шығармашылық музыкалық ұжымдары, , "Almaty Music" театрының актерлері мен әншілері, сондай-ақ еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Халықаралық конкурстардың лауреаты -  Айгүл Адиханованың шәкірттері өнер көрсетіп, күй өнерінің әсем шеберлігін, ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған термелерді көрерменге жеткізді.
   Биылғы жылы біз қазақ ұлтының сипаты мен тарихын бейнелейтін ұлттық домбыра күнін екінші рет атап өтудеміз. Әрбір халықтың сүйікті аспаптары бар, біз оны жақсы білеміз, бірақ барлық түркі тілдес халықтарды біріктіретін, біздің домбыра секілді аспаптар жоқ десек те қателеспейміз. Барша Қазақстан халқын Ұлттық Домбыра күнімен құттықтаймыз. Ұлы ұлттың баласы, ұлықта Домбыраңды!


 

 

 

 
01.07.2019

Возврат к списку