Жаңалықтар
Арыс... біз Сіздермен біргеміз!

Арыс... біз Сіздермен біргеміз!

Арысь… мы с Вами!

Арыс... біз Сіздермен біргеміз!

Барлық ел мен Алматы қаласының тұрғындары Арыс қаласында болған соңғы оқиғаларға немқұрайлы қарамады. Қазақстанның барлық аймақтарынан Арыс  қаласының тұрғындарына көмек ретінде жүк көліктеріне артылған заттар, сондай-ақ адам үшін қиын жағдайда қажет нәрселердің барлығын алып жіберіп жатыр. Біздің күшіміз бірлікте! 
Бүгін Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының қызметкерлері Арыс қаласына қажетті заттар мен азық-түлік өнімдерін жеткізді, сондай-ақ жергілікті зардап шеккендерге көмек көрсетуге жөнелді. Арыстықтар көмекке келгендерді қуана қарсы алып, алғыстарын білдірүде. Біздің қызметкерлер Арыстағы қабылдау пунктіне заттарды тапсырып, сусындар мен өнімдерді таратып, басқаларына да көмек көрсетті. Бәрекелді! 
Бұрын біз жастар Лофт орталығында Арыс қаласына көмек көрсету мақсатында киім, басқа да қажетті заттарды жинау пунктін ашқан болатынбыз. Көмек көрсеткен барлық жандарға алғысымызды білдіреміз!



 

 

 

 

 

29.06.2019

Возврат к списку