Жаңалықтар
Хайуанаттар бағына саяхат

Хайуанаттар бағына саяхат

Экскурсия в зоопарк

Хайуанаттар бағына саяхат

   Міне жаз да келді, дала ыстық болып тұр... Ал біздерде ең белсенді уақыт және жазғы демалыс іс-шараларының мезгілі басталды. Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, қаланың Аула клубтары балаларының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында әртүрлі экскурсиялар мен кездесулер өткізеді. Әдетте біз тауға, каньондар мен сарқырамаларға саяхат жасаймыз, қол созылмайтын шыңдарға шығамыз. Бүгін біз үлкен және тату командамызбен  Алматы хайуанаттар бағына бардық. Экскурсия және кіру билеттерді 200-ден астам балаларға Алматы қаласы Маслихатының депутаты – Қайрат Кудайбергенов сыйлық ретінде тарту етті.

   Хайуанаттар бағына бару туралы әңгіме  кішкентай баладан үлкенге дейін қуаныш әсерін сыйлайды, адам еріксізден жымиып қуанады. Жануарларды бақылау-әлемдегі ең қызықты нәрсе! Сондықтан хайуанаттар бағына экскурсиялар әрдайым өзекті болады,өйткені жануарлармен қарым-қатынастан басқа, білімді гидтерден біздің кіші бауырларымыз туралы көптеген ақпарат білуге болады. Хайуанаттар бағының тұрғындарымен танысу балаларды қатты қуантты. Үлкендер де жануарларды көріп, үлкен қызығушылық танытты. Әсіресе, ең кішкентай «Бұл не, неге?»- деген бүлдіршіндер өте көп сұрақ қоя берді. Біздің еліміздің аумағында қандай жануарлар кездеседі? Қайсысы Қызыл кітапқа енгізілген және неге? Бұл жерде  жануарлар мен құстарды қалай сақтайды? Және де арыстан, жолбарыс, бегемот туралы мыңдаған сұрақтар қойды.

   Біздің еліміз – әртүрлі табиғи ресурстарға бай. Сондықтан да Қазақстанның жануарлар әлемі өте ерекше!

  Бүгінгі хайуанаттар бағына саяхат нағыз  сапар болды.  Осындай бақытты эмоцияларды көріп, балалардың күлкісін естігенде күннің бекер өтпегенін түсінесіз. Бүгінгі  біздің экскурсиямыз үшін Қайрат Құдайбергеновке және іс-шараның демеушілері арқасында балаларға шоколадты кәмпиттер мен салқын сусындар таратылғаны үшін алғыс білдіреміз.

 








 

 
24.06.2019

Возврат к списку