Жаңалықтар
Мүгедек бала асырап отырған ата-аналардың зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін

Мүгедек бала асырап отырған ата-аналардың зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін

Мүгедек бала асырап отырған ата-аналардың зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін

Мүгедек бала асырап отырған ата-аналардың зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін

Мәжілісмендер премьер-министрдің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары Гүлшара Әбдіхалықовадан мүгедек бала асырап отырған ата-аналардың зейнетке шығу жасын қысқару сұрап, депутаттық сауал жолдады деп хабарлайды КТК арнасы.

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтің сөзінше, мүмкіндігі шектеулі бала қамқорлықты қажет етеді.

Сондықтан депутат ата-аналардың біреуіне қысқартылған жұмыс күнін енгізу мүмкіндігін қарастыруды және зейнетке шығу жасын төмендетуді ұсынып отырғандарын айтты.

"Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ана үшін зейнетке шығу жасын төмендетуді, сондай-ақ, күн сайынғы психоэмоционалдық және физикалық жүктемелерді ескере отырып, ата-аналардың біреуіне қысқартылған жұмыс күнін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Себебі мүгедек бала қамқорлықты қажет етеді", - дейді Магеррам Магеррамов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, елімізде мүмкіндігі шектеулі 88 мыңға жуық ұл-қыз бар. Оларды асырап отырған ата-аналар құрметті демалысқа жұрт қатарлы шығады. Яғни, ерлер 63 жастан. Ал, әйелдер биыл 59 жастан бастап.

Десе де, заң бойынша келіншектердің зейнетке шығу жасы кезең-кезеңмен 2027 жылға дейін 63 жасқа дейін ұлғайтылады.

Еске сала кетейік, мүгедек бала бағып отырған ата-аналарға әр перзент үшін әзірге 31 мың теңгеден жәрдемақы төленеді. Шілде айынан бастап оның көлемі 30 пайызға өсуі тиіс..
20.06.2019

Возврат к списку