Жаңалықтар
Стритболдан жарыс өтті

Стритболдан жарыс өтті

Соревнования по стритболу

Стритболдан жарыс өтті

Стритбол АҚШ-та 1950 жылдары қалалардың кедей аудандарында пайда болды. Бұл ойын әдеттегі баскетболдан ерекшеленеді, ойыншылардың саны тек қана 3 адамнан тұрады. Ойын баскетболдың жарты алаңындағана өтеді, екі командаға бір баскетбол себеті беріледі. Жарты ғасыр бойы стритболдың кәсіби спортқа айналғанын байқап келеміз. Бүгінгі таңда, кішкентайдан үлкендерге дейін, бүкіл әлем жастары кәсіби спорт болған стритболмен айналысады.
Қазақстандағы стритболдың дамуы тек ҚР Ұлттық баскетбол федерациясымен ғана емес, сондай-ақ, стритболдан әлем чемпионатының бас серіктесі болып табылатын "Самұрық-Қазына" қоры тарапынан қолдау тапты, FIBA 3x3 U18 WORLD CHAMPIONSHIPS стритбол мәдениетін дамытуға жастарды шақырады. Біз сондай-ақ бұл спорт түрін "RYH MARAFON" аясында өткіздік. Стритболдың өзектілігі жоғары, жыл сайын жасөспірімдер мен жастардың арасында стритболға деген қызығушылығы артып келеді.
Біздің жасөспірімдер арасында сауықтыру спорт жарысы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт залында өткізілді. Сайысымыз қорытындысы бойынша 11-13 жас санатында келесі аула клубтарының командалары арасында бірінші үштік анықталды: 1 орын "Барыс", 2 орын "Дорожник" және 3 орын "Атамұра", екінші үштік 14-16 жас арасында:  1 орын "Өрнек", 2 орын "Апельсин" және 3 орын "Барыс". Демалыс орталықтарының жастарында спортқа деген белсенді ықыласы "үлкен", олар көптеген жеңістерге жеткізеді деп үміттенеміз. Жалпы алғанда, спорт - бұл үлкен әлеуметтік лифт. Әрбір бала ерекше, осындай спартакиада ойындар арқасында өмірдегі мақсатын таба алатын, өздері үшін және біздің ел үшін бірегей жетістектерге жететін тұлғаларды таба аламыз деп ойлаймыз.


 

 

 

 

18.06.2019

Возврат к списку