Жаңалықтар
«Nur Otan» партиясы жанынан құрылған «Team Qazaqstan» жастар қанаты таратылмайды

«Nur Otan» партиясы жанынан құрылған «Team Qazaqstan» жастар қанаты таратылмайды

«Nur Otan» партиясы жанынан құрылған «Team Qazaqstan» жастар қанаты таратылмайды

«Nur Otan» партиясы жанынан құрылған «Team Qazaqstan» жастар қанаты таратылмайды

Бұрынғы жастар саясатына партияның да, қоғамның да, тіпті жастардың да көңілі толмайды. Сондықтан бұл бағытқа тың серпін керек.

Nur Otan Talks алаңында сөз сөйлеген партия төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Сөйтті де кейінгі буын өкілдерін президент бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды. Дисскуссия алаңында айтылған тағы бір маңызды дүние бар. Сайлау кезінде «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған «Team Qazaqstan» жастар қанаты таратылмайды. Олар тың идеялары арқылы ел дамуына өз үлестерін қосады. Еске салайық, белсенді ел азаматтарынан құралған команда саяси науқан барысында өңір-өңірді аралап, халықты Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасымен таныстарған. «Team Qazaqstan» жастар қанаты құрамына белгілі тележүргізушілер, әншілер мен қоғам белсенділері кіреді.

Ерғазы Әзімханұлы, «Қазақстан жастарының конгресі» жанындағы республикалық жастарды дамыту орталығының жетекшісі:

- Ең мықты саяси биографиясы, яғни өмірбаяны бар кісінің командасыны құрамында болып таныстырған өте оңайға соқты. Биліктің өкілі болғандықтан бағдарламасында біздің елімізде барлық қандай проблемалар бар, мәселелер бар соның барлығы қарастырылған болғандықтан оңайға соқты. Ал қиынға соққаны сол бағдарламалардың орындалатынына, жалпы солардың барлығы жақында іске асатынына халықты сендіру сәл қиынға соқты.
18.06.2019

Возврат к списку