Жаңалықтар
Star of Asia музыкалық фестивалінде әлемдік деңгейдегі жұлдыздар өнер көрсетеді

Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында Star of Asia халықаралық музыка фестивалі басталды.

Отандық эстрада әншілерімен бірге Оңтүстік Корея, АҚШ, Грузия, Жапония, Түркия және өзге де шетелден келген әншілер қызыл кілеммен жүріп өтті. Star of Asia биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі фестивальді тамашалауға жыл сайын 20 мыңнан астам көрермен жиналады. Бүгін Ninety One, Golf Pichaya, Outlandish бастаған әншілер өнер көрсетеді. Ал фестивальдің екінші күні MOT пен Dan Balan, НАZИМА және басқа да әншілер сахнаға шығады.

Кәмшат Жолдыбаева, әнші:

- Бұл біздің еңбегіміздің бір көрінісі, бір жемісі, халықпен тағы бір қауышу. Образдарымызды шыңдаймыз, жаңа әндерімізбен сусындатамыз халықты. Халықтың да қызығушылығы өсіп келе жатыр. Сондықтан бұл бір мереке.

Ербол Шарипов, «Азия» тобының әншісі:

- Star of Asia-ның бір жақсы жері – жастарға өзін-өзі көрсету мүмкіндігі. Осы үрдіс ары қарай өзінің жалғасын таба берсін.
17.06.2019

Возврат к списку