Жаңалықтар
Мини-футболға арналған турнир

Мини-футболға арналған турнир

Турнир по мини-футбол

Мини-футболға арналған турнир

Бүгінде мини-футбол танымал спорт түрлерінің бірі 1920 жылдары пайда болған бұл спорт түрі күн сайын әлемнің барлық елдерінде танымал болып келеді. Атынан түсүнікті, футболдың бұл түрі 5-6 адамнан тұратын командаға есептелген және мұндай ойындар шағын залдарда, спорт алаңдарында және аулаларда өткізіледі.
 
Балаларды қорғау күні қарсаңында және Жастар жылы аясында Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының және "Динамо" ФСО қолдауымен "RYH MARAFON" атты спорттық турнирлерден тұратын жыл сайынғы спартакиаданың ашылу салтанатын ұйымдастырылды. Осы жылы спартакиада 15 рет өткізіледі, және де мемлекеттік Қордың жақсы дәстүріне айналды, оның басталуын балалар мен жасөспірімдер тағатсыздана күтуде. Біз айтып өткендей спорттық іс-шаралар кезең-кезеңімен бір ай бойы өтеді. Алда үстел теннисі, стритбол және боулинг жарыстары өтеді, онда балалар үздік клуб атағы үшін күреседі және осы ауыр спорттық тартыстарда өздерінің барлық дағдылары мен білектерін көрсетеді.
 
Мини-футболға арналған турнирде 55 команда жиналды, бұл 400-ден астам жас спортшылар, бір-бірімен үздік атағы үшін күреседі. Балалар өзара екі жас санаты бойынша, 1-ші - 11-13 жас, және 2-ші - 14-16 жас аралығында жарысты. Турнир кестесінің қорытындысы бойынша келесі командалар жеңімпаз атанды: "Сұңқар" аула клубының балалары қола медаль және жоғарғы лигада 2 орын алды, "Атамұра" және "Жас Өрен" аула клубтары төменгі және жоғарғы лигаларда ойындардың жеңімпаздары болды, бірінші құрметті орындарға ие болды. Бұл біздің жас спортсмендерімізбен соңғы кездесуіміз емес. Барлық тілек білдірушілерді келесі турнирлерде күтеміз.










13.06.2019

Возврат к списку