Жаңалықтар

Street Workout

Street Workout

Street Workout

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігі бәрімізге мәлім. Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Жастарымызды спортқа баулу дені сау жас ұрпақтың кепілі. Жастар арасында қызыға айналыса келетін спорт түрі – воркаут.

Воркаут – алғаш рет Ежелгі Грекияда пайда болып, Ресей, Батыс Еуропада, әсіресе АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында кеңінен таныла бастады. Аталмыш спортпен шұғылданатындарды көше спортшылары, воркаутер, аула гимнастшылары, белтеміршілер деп те атай береді. 2000 жылдардың басында қарапайым көше жастарының ауладағы спорт құрылғыларымен жасаған қиын жаттығулары интернетте тарай бастады. Нәтижесінде желіге салынған бейнетаспалар әлемге тез тарап, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Кейіннен әуесқойлар арасында дүниежүзілік чемпионаттар ұйымдастырылып, воркауттың өрістеуіне жол ашты. Сондай-ақ бұл спорт түрі еліміздің әр өңірлерінде жастар арасында қарқынды дамып келе жатыр.


Қазіргі таңда елімізде жастар арасында 2009 жылдан бастап өрбіп келе жатқан Street Workout немесе темірдің тілін тапқандар деп аталатын спорт түрін атап өтуге болады.

Осыған байланысты, аталған воркаут спортынан Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың маусым айының 10 күні облыстық чемпионаты «Тәуелсіздік» саябағында өткізілді. Воркауттың негізгі мақсаты – қолжетімді спорт түрлерімен айналысуға шақыру, есірткіге, шылым шегуге, ішімдік пен интернетке тәуелділікке қарсы күрес жүргізу. Дені сау жас ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болғандықтан воркаут спортының барша қалалық жастарға берер тәрбиесі мол. Сайысқа жергілікті өңірдегі жастарымыз бен мектеп оқушылары атсалыса қатысты. Әр қатысушы ортаға өз өнерлерін көрермендерге паш етіп таң қалдырды.


Жалпы сайыс 5 номинациядан тұрып, қатысушылар әр номинацияда ауа-райының ыстығына қарамай жеңіске жету үшін қара терлерін айрандай төкті. Сайыс соңында әр қатысушыға арнайы дипломдармен марапаттап, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар сыйға тартылды.

Ізгі құрметпен, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі (Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)
11.06.2019

Возврат к списку