Жаңалықтар
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ақпараттандыру семинарын өткізді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ақпараттандыру семинарын өткізді

Семинар от Жилстройсбер банка

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ақпараттандыру семинарын өткізді

21 ақпан сағат16.00 де Depo Evolution Park аумағында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының  ұйымдастырумен және Жастар ісі жөніндегі басқарма қолдауымен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ақпараттандыру семинарын өткізді.
        Семинарға Алматы қаласының Жоғарғы оқу орнындары және колледж студенттері, және қала жастары қатысты. 
        Семинарды Бизнес дамыту басқарма бастығының орынбасары Бөкенбаева Айсауле жүргізді. Іс-шара барысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі туралы презентация көрсетіліп, банк дамуы мен алдағы жоспарлары туралы сөз қозғады. 
        Семинардың басты мақсаты тұрғын үй құрылыс жинақ банкі туралы ақпараттандыру, жинақ бағдарламалары және депозиттік есепшоттар жүйесімен таныстыру болды. Қазіргі уақытта  табысы орташа қазақстандықтар үшін тұрғын үй алуға тиімді жүйе – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы ипотека алу болып отыр. Банк рейтингтік жүйе бойынша алдыңғы орындардан көрінуде.
         Іс-шара барысында лектор кредиттер жайында, банк тарапынан ұсынылатын жеңілдіктер және төменгі пайыздық жарналар туралы толықтай ақпарат берді. Бұл семинар әр айдың алғашқы бейсенбі күні  Co-working орталықта өз жалғасын тауып отырады.


 

 

21.02.2019

Возврат к списку