Жаңалықтар
KONGRESS CUP VI дәстүрлі пікір- сайыс турнирі өтті

KONGRESS CUP VI дәстүрлі пікір- сайыс турнирі өтті

KONGRESS CUP VI дәстүрлі пікір- сайыс турнирі өтті

KONGRESS CUP VI дәстүрлі пікір- сайыс турнирі өтті

13-14 сәуір күндері Шәкәрім университетінде жастар жылы аясында «Жастар жылындағы жаңа белестер» атты республикалық KONGRESS CUP VI дәстүрлі пікір- сайыс турнирі өтті. Турнирге республиканың 6 аймағынан, атап айтсақ: Нұр- Сұлтан, Алматы, Павлодар, Өскемен, Қостанай және Семей қалаларының ЖОО мен колледждерінен жалпы саны 40 команда қатысты. Турнир барысында жастардың ұшқыр ойлары мен креативті идеялары талқыға түсті.

Дәстүрлі "Kongress Cup VI" Республикалық турнирінің нәтижесі төмендегідей:

1 - орын Нұр-Сұлтан қаласы. Шарипов Алжан, Боранбай Абылай

2- орын Нұр-Сұлтан қаласы. Шөлібай ӘлиАсқар, Аманжолов Бекарыстан

3- орын Нұр-Сұлтан қаласы. Теңсізбек Шыңғыс, Нағышбекқызы Аяжан

Жастар финалы: 

1 - орын Семей. Салауат Булегенова, Ақнұр Ахмет Аружан

ЛД форматы бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы Ең үздік спикер - Дүйсенғалиұлы Ақылжан

Финалист - Теңсізбек Шыңғыс

Ең үздік төреші- Орманбеков Қүаныш

Тартысқа толы 2 күндік додада пікірсайыстан бөлек футбол мен квест сайыстары да өткізілді. Футбол ойыны бойынша Өскемен қаласының құрамасы чемпион атанса, квест сайыстарында Алматылық командалар жүзден жүйрік деп табылды.
19.04.2019

Возврат к списку