Жаңалықтар
342 ЖАС ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

342 ЖАС ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

342 ЖАС ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

342 ЖАС ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Шымкент қаласында Nur Otan партиясының «Құтты мекен» жобасы аясында 6 513 пәтерлі 132 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы дайын. Мамыр айында пайдалануға беріледі. Оның 177-і көпбалалы аналарға табысталады. Жалпы, осы жоба арқасында биыл әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағы 1 368 отбасы мен 342 жас отбасы баспаналы болмақ.

Бұл туралы Шымкент қаласында өткен Nur Otan партиясы қалалық филиалының кезектен тыс ХХХVIІ конференциясында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова мәлімдеді. Бұдан бөлек, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның ХVIІІ съезінде берген тапсырмалары– «Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Бақытты отбасы» жобаларының жүзеге асырылуы жайында айтып өтті. – «Бақытты отбасы» жобасы аясында қаламызда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша 32 559 азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 17 582 отбасының өтініші тіркелді. Сондай-ақ қазіргі таңда қала тұрғындарының әлеуметтік картасын жасақтау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін «е-Халық» ақпараттық жүйесіне 21 081 отбасы (75 725 адам) енді, – деді Гүлжан Құрманбекова. Қала әкімінің орынбасары үшінші мегаполисте басқа да салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Конференцияда бұдан бөлек, зейнеткер, партия ардагері Валерий Гордиенко, Шымкент қаласы №49 жалпы орта мектебінің директоры, көпбалалы ана Сәуле Өтебаева, Шымкент қалалық №17 футболдан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ермек Дәрменов, «Сәлем компания Қазақстан» ЖШС-нің директоры, жеке кәсіпкер Аятолла Азимов сөз сөйлеп, партиялық жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын соңында Шымкент қаласының әкімі, Nur Otan партиясы филиалының төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов конференция жұмысын қорытындылап, партия активіне нақты тапсырмалар жүктеді. Е.МҰРАТБЕК, Шымкент қаласы
19.04.2019

Возврат к списку