Жаңалықтар
«Жастарға – сенім, болашаққа – үміт»

«Жастарға – сенім, болашаққа – үміт»

«Жастарға – сенім, болашаққа – үміт»

«Жастарға – сенім, болашаққа – үміт»

Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Бұл, әрине, жастарға ерекше күш беретіні айқын. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі 2019 жылдың 16 наурыз күні Елбасы саясатын қолдау мақсатында колледжаралық «Жастарға – сенім, болашаққа – үміт» атты жастар форумын ұйымдастырды.

Форумның мақсаты – колледжаралық қарым-қатынас орнатып, тереңірек танысу, Жастар жылын бірге қолдау, сондай-ақ Қазақстан жастарының шығармашылық белсенділігін арттыра отырып, өскелең ұрпақты елдік пен ерлік рухқа тәрбиелеу, намыс пен қайсарлық қасиеттеріне баулу.

Форумға қала колледждерінен – Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, Алматы көпсалалы колледжі, Республикалық спорт колледжі, Ж.Елебеков атындағы эстрадалық-цирк өнері колледжі, Алматы электромеханикалық колледжі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің студенттері қатысты. Форум аясында «Өз колледжін презентациялау», «Қызығушылық алаңдары», «Тренинг», «Көңілді жарыс» спорттық байқауы өтті.

Форумның ашылу салтанаты «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам», – деп аңсаған ағартушы-педагог Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ғылым мен білімді кейінгі жастарға насихаттау сөзімен басталды. Жастар форумына қатысушыларға түрлі-түсті бағдарламалар беріліп, келген қатысушылар алдын ала ұйымдастырылған «Қызығушылық алаңдарына» бөлінді.

Алаңда қазіргі жастар арасындағы тәрбие мәселесі, қарттар үйі, балалар үйі, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге құштарлығы, әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы туралы дебат, пікірталас, дөңгелек үстел, тренинг ұйымдастырылды. Адам баласы үшін ең кымбаты – оның мәнді де сәнді өмірі. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Форумның екінші бөлімі «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық шарасымен, «Мы разные, но вместе мы едины!» тренингімен жалғасты.

Бүгінгі жастар – ертеңгі білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жастың қоғамда өз орнына сай болуы, қоғамдағы құбылыстарға бейжай қарамауы қажет. Форумға келген жастардың да өзіндік айтар ойы мен ұсынысы көңіл аударарлықтай болды.

Алматы электрмеханикалық колледжінің жетекші ұстазы Мадина Нұржұма пікірін: «Студенттер жобаларын қорғап, ойларын ашық айтты, белсенділік танытты. Болашақта өскелең ұрпақтың саналы, ұлттық рухани құндылықтарын қалыптастыру болашақ жастардың қолында екенін ескере отырып, студенттердің өзіндік шығармашылық белсенділіктерін арттыратын, форумдар мен түрлі семинар-тренингтер жиі ұйымдастырылса, алға қойылған мақсаттарымыз айқын болатынына сеніміміз мол. Осындай шаралар жастар үшін мотивация болар еді», – деп түйіндеді. Форум соңында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледж басшысы, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері Зура Жумахметова, Алматы қалалық Жастар комитетінің мүшесі, Бостандық ауданындағы «Жастар қанаты» ұйымының төрайымы – Айзада Аяшова, Бостандық Nur Otan бастауыш партия ұйымынан Майра Шалабаева студенттерге сертификат, жетекшілерге Алғыс хаттар тапсырды.

Қорыта айтқанда, қазақта «Жас келсе, іске» – деген сөз бар. Ақылды технология заманында тың идея да жастардан шығады. Ендеше, жастар жылы жастарға арналуы керек. Осы жыл жастар көкейіндегі түйткілдерді шешетін жыл болғай деп тілейміз.
03.04.2019

Возврат к списку