Жаңалықтар
«Smart Zholy» бағдарламасы бойынша үздік инновациялық жобалар анықталды

«Smart Zholy» бағдарламасы бойынша үздік инновациялық жобалар анықталды

«Smart Zholy» бағдарламасы бойынша үздік инновациялық жобалар анықталды

«Smart Zholy» бағдарламасы бойынша үздік инновациялық жобалар анықталды

«Smart Zholy» акселерациялық бағдарламасы бойынша үздік инновациялық стартап-жобалар анықталды.

Ақтық сынға жолдама алған 20 команданың 10-ы жеңімпаз атанды. Енді олар 23-24 мамыр күндері Сингапурдағы Echelon Asia Summit технологиялық алаңына өз жобаларын қояды. Айта кетейік, Smart Zholy – жас қазақстандық бағдарламашылар мен ғалымдарға арналған бағдарлама. Бұл жоба арқылы жас IT-мамандар өз стартаптарын жетекші азиялық венчурлық қорларға ұсына алады. Сондай-ақ, халықаралық компаниялармен бірлесе жаңа инновациялық өнімдер құрастыруға мүмкіндік жасайды. Бағдарламаны еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры қолға алған. Үш жылдан бері жүзеге асырылып келе жатыр. Соңғы екі жылдың өзінде 18 команда өз жұмыстарын халықаралық деңгейде паш етті. Ал биылғы сайысқа 60 командадан 250 адам қатысты.

Бақытжан Қыдырмолдина, жобаға қатысушы: - Қазақстанда бірінші рет болып отыр біздің жобамыз. Мұның мақсаты смета жасауды автоматтандырады. Яғни ғимараттың 3Д моделінде бір тетікті басу арқылы ведомст работ ала аламыз. Тағы бір тетікті басу арқылы смета жасайтын басқа компьютердің бағдарламасына жібере аламыз. қазіргі таңдай смета жасау екі ай уақытта алса, ал автоматтандыру арқылы бір күнде дайын болады.


29.03.2019

Возврат к списку