Жаңалықтар
Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Nur Otan партиясының орталық аппаратында Мемлекет басшысының Жастар жылына арналған тапсырмаларын іске асыру барысын қадағалайтын жастар қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиын барысында елорда атауының өзгеру мәселесі талқыланды.

Кездесуді ашқан Мәжіліс депутаты, жастарды қолдау жөніндегі партия кураторы Бақтияр Мәкен ел тарихындағы маңызды әрі аса жауапты шешімнің мәніне тоқталып, оның ары қарай дамуымызға тигізер ықпалы жайында сөз қозғады. Елбасының президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешімі бір сәтте қабылданбағанын, ол үшін Тұңғыш Президентіміз ұзақ ойланып, барлық мәселені саралағанына назар аударды.

– Елбасы әрқашан ел мүддесін бірінші орынға қойып, кез келген істе оң шешім қабылдап келді. Бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кіру міндетін үлкен мақсат етіп қойған Президентіміз Қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаған, қазақ мемлекеттігін қайта жаңғыртқан тұлға ретінде тарихта қалады. Сол себепті, қазіргі тарихи кезеңде әрбір Қазақстан азаматы Елбасы шешіміне қолдау білдіруі тиіс, – деді Б.Мәкенұлы.

Жиында жастар ұйымдарының жетекшілері мен жас көшбасшылар елордамызға Елбасы есімін беруге қатысты ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова, «Қазақстан студенттер альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ілияс Түстікбаев, «Нұр-Медиа» холдингі бас директорының орынбасары Максим Споткай, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Динара Сәдуақасова, Nur Otan партиясы Жастар мәслихатының басшысы Ерғазы Әзімханұлы, «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Төлеген Күнәділов Елбасы есімінің елордамызға берілуі ел дамуының жаңа кезеңін анықтайтын аса маңызды қадам екенін айтты.

– Қазір жастардың алдында тұрған мақсат – Елбасының сара жолын әрмен қарай жалғастыру. Ал Астананың Нұр-Сұлтан болып ауысуы тарихи шешім. Бұл әлемдік аренада елордамыздың имиджін арттыруға септігін тигізеді. Мұндай игі қадамды халықтың Елбасына көрсеткен құрметі деп қабылдауымыз керек. Біз тәуелсіз елдің жастары жаңа бастаманы қолдаймыз, – деді Максим Споткай. Отырыс қорытындысына сай жастар ұйымдарының жетекшілері мен жас көшбасшылар қазақстандық жастарға үндеу жасап, қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті айқындаған стратегиялық бағытқа қолдау көрсетуге шақырды.

Абылайхан ЖҰМАШ
27.03.2019

Возврат к списку