Жаңалықтар
Университет базасында өсімдік майы өндіріледі

Университет базасында өсімдік майы өндіріледі

Университет базасында өсімдік майы өндіріледі

Университет базасында өсімдік майы өндіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өсімдік майы және жанама өнімдерін өндіретін оқу технологиялық платформа іске қосылды. Бұл туралы аталған универстет ректоры Ақылбек Күрішбаев өзінің Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Университет қабырғасында тағы бір өсімдік майы және басқада жанама өнімдер өндіретін оқу технологиялық платформа ашылды. Ендігі уақытта бұл жерде студенттер тәжірибе жинақтаса, ал ғалымдар оның базасында өздерінің ғылыми әзірлемелерін құратын болады», - деп жазды ЖОО басшысы.

Жаңадан ашылған платформа Калифорнияның UC Davis университеті профессорлары ұсынған принцип пен дизайнға сәйкес құрылды. «Біз үшін тағы бір маңыздысы, университет қызметкерлері өсімдік майын өз бағасына сатып ала алады. Алдағы уақытта өзімізде халва шығаратын боламыз», - дейді А.Күрішбаев.
18.03.2019

Возврат к списку