Жаңалықтар
Астанада 5 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Астанада 5 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Астанада 5 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Астанада 5 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Жұмыспен қамту орталығында 5 жарым мыңға жуық бос жұмыс орны бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Астана қаласындағы Жұмыспен қамту орталығы Бейбітшілік көшесінің бойындағы «Өркен» іскерлік орталығында орналасқан. Орталыққа 57-88-88 телефон нөмірі бойынша хабарласып, сұрақтарға жауап алуға болады.

Жұмыс іздеуші азамат ретінде тіркелу үшін орталыққа жеке куәлік, еңбек кітапшасы және біліміңіз туралы құжатты апару керек. Орталық мамандары деректер базасына сүйене отырып, сізге бос жұмыс орындарын ұсынады.

Жұмыс ұсынушы ұйымның атауы, кәсіби бағдары, жалақы мөлшері, жұмыс режимі - бұл сұрақтарға менеджермен әңгімелесу барысында-ақ жауап ала аласыз.

Жұмыс іздеуші азамат өзінің байланыс нөмірлерін қалдыруы керек, егер оған лайық вакансия табылған жағдайда, орталық мамандары дереу хабарласады.

2019 жылдың басынан бері 500-ден астам елордалық тұрғын Жұмыспен қамту орталығының көмегімен жұмысқа тұрған. Шамамен 200-дей жас маман жастар практикасына жіберіліп, 20 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты.

Орталықтың мәліметінше, қазіргі таңда Астана қаласы бойынша 5 466 бос жұмыс орны бар. Оның 2 854-і - 100 мың теңгеге дейін, 2 172-сі - 100 мың теңге мен 150 мың теңге аралығында, ал 440-ы 150 мың теңгеден жоғары жалақы ұсынады.
14.03.2019

Возврат к списку