Жаңалықтар
18 қарашасында Алматы қаласындағы демалыс орталықтарының гала-концерті өтті

18 қарашасында Алматы қаласындағы демалыс орталықтарының гала-концерті өтті

18 ноября в Доме Армии состоялся отчетный гала-концерт Досуговых центров г. Алматы

18 қарашасында Алматы қаласындағы демалыс орталықтарының гала-концерті өтті

2018 жылдың 18 қарашасында сағат 11.00-де Армия үйінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қоры ұйымдастырған Алматы қаласындағы демалыс орталықтарының гала-концерті өтті.
Іс-шараның ашылу салтанаты үлкен шығармашылық концерт болды, оған талантты жасөспірімдер мен Алматы қаласының «Аула клубтары»  қатысты.
Бұдан басқа, шығармашылық спорттық іс-шараларға, қолданбалы өнер көрмелеріне, концерттерге, фестивальдар мен байқауларға белсене қатысқаны үшін Алматы қаласының демалыс орталықтарының марапаттауы ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Алматы қаласының шығармашылық және спорттық клубтары бағалы сыйлықтар мен құрмет грамоталарымен марапатталды. Ал ең үздік  10 шығармашылық клуб тізімі:
1. Апельсин 
2. Қарлығаш 
3. Достық
4. Жетісу 
5. Ұшқындар 
6. Мечтатель 
7. Жас Арт 
8. Веселые нотки
9. Қайсар 
10. Далель
Үздік спорттық ондық: 
1. Жас Өрен 
2. Киров 
3. Арлан
4. Барыс 
5. Тамерлан 
6. Сұнқар
7. Намыс 
8. Казак күресі
9. Батыр 
10. Жеңіс
 
Сондай-ақ, байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды және 2 номинация бойынша алғашқы 2 жүлде марапатталды: 
«Үздік оқытушы» - «Халық» демалыс орталығының жетекшісі - Кенесбаева Ляззат Ізбасарқызы; «Үздік көшбасшы» - «Бәйтерек» демалыс орталығының басшысы - Қазыбаева Мейрамгүл Ноғайбекқызы. Жеңімпаздар сыйлықтар мен сертификаттармен марапатталды.  Сондай-ақ, іс-шара барысында Алматы қаласының демалыс орталықтарының студенттері қолданбалы өнімдер шығармашылық бұйымдарының  көрмесін өткізді.
Сонымен қатар, барлық аталған номинациялардың қорытындысы бойынша барлық Демалыс орталықтары жəне аула клубтар арасында үздік аула клубы  анықталды  және «2018 жылдың екінші жарты жылдығының  Үздік Аула клубы» атағына-"Өрнек" аула клубы ие болды.













20.11.2018

Возврат к списку