Жаңалықтар
«100 жаңа оқулық» жобасы: 18 кітаптың таныстырылымы өтті

«100 жаңа оқулық» жобасы: 18 кітаптың таныстырылымы өтті

«100 жаңа оқулық» жобасы: 18 кітаптың таныстырылымы өтті

«100 жаңа оқулық» жобасы: 18 кітаптың таныстырылымы өтті

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында қолға алынған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған кітаптарды таныстыру рәсімі өтті. Шараға оқытушылар мен студенттер қатысты.
«100 жаңа оқулық» жобасының жас ұрпаққа білім беру, тәрбиелеудегі рөлі зор. Әлемдік ақпараттық кеңістікке кіруіміз керек. Бұл кеңістікке кіру барысында білімді ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «100 жаңа оқулық» жобасының мақсаты да осы. Қазірдің өзінде 18 оқулық қазақ тіліне аударылғаны белгілі. Бұл оқулықтар әлеуметтік-гуманитарлық сала үшін маңызды. Платон, Аристотельдердің еңбектерін біз бұрыннан білетінбіз. Дегенмен, сол кездегі идеология, сол кездегі саясат, сол кездегі мемлекеттің ұстанымы бізге оларды сол күйінде айтуға мүмкіндік берген жоқ. Сондықтан, кеңестік саясаттың сұранысына қарай, идеологиясына қарай айту керек болды.
 
21.05.2018

Возврат к списку