Жаңалықтар
Павлодарда «Серпін» бағдарламасымен білім алған түлектер жұмыспен қамтылған

Өңір басшысы Болат Бақауов Павлодар облысында «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алған түлектердің жергілікті атқарушы орындарда жұмысқа орналастырылғанын мәлім етті.
Павлодар облысында «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан мың жарымға жуық жас «Рухани жаңғыру» бағдарламасына белсенді қатысып, аймақтың өсіп-өркендеуіне үлестерін қосып жатыр. Оқу орнын аяқтаған олардың көпшілігі облыста қалуға ниет білдіруде. Өткен жылы оқу орындарын аяқтаған 67 жас түлектің он екісі туған өлкелеріне оралса, елу бесі осы өңірде қалды.
Бұған қоса, Павлодар облысынан шыққан 100 тарихи тұлға туралы танымдық кітаптар, өлкетану бағыты бойынша ғылыми монографияларды жарыққа шығару жоспарда бар. Осы бағытта жүзеге асып жатқан жобалардың бірі - облыс оқушылары арасындағы асық ойыны. Асық ойыны бойынша үйірмелер 200-ден астам мектепте 4 мыңға жуық баланы қамтыды.
 
21.05.2018

Возврат к списку