Жаңалықтар
Мұғалжарлық делегаттар жастар үйінде

Мұғалжарлық делегаттар жастар үйінде

Мұғалжарлық делегаттар жастар үйінде

Мұғалжарлық делегаттар жастар үйінде

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының өкілдері Қармақшы ауданына келді. Атап айтқанда, топ құрамында аудандық жастар ресурстық орталықтарының мамандары Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығында қонақта болды. Аудандағы жастар саясаты шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Өз аймақтарындағы бағдарлама аясында іске асқан жобалар туралы бөлісті. Сондай-ақ, келген қонақтар түрлі жастарға арналған жобалар, Аудандық жастар үйінің жұмысын көрді.Шара барысында екі аудан жастары мен жетекшілері өзара іс-тәжірибе алмасты. Мұғалжар аудандық жастар ресурстық орталығының ұжымымен бірлесіп жұмыс істеуге, жобаларды бірге жоспарлауға уағдаласты. Сондай-ақ, шара жастар үшін де, жастар жанашырлары үшін де жаңа таныстық ортасы болды. Келген қонақтармен өзара алдағы уақытта да осындай шараны ұйымдастырып тұруға келісті.

17.05.2018

Возврат к списку