12 наурыз 2018 жылы, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен International Business Academy компаниясымен бірлесіп «Жалған айтылғанды анықтау тәсілі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Белгілі лектор, психолог, бизнес-тренер Сергей Семенченко қатысушыларға, адам өмірінде жиі кездесетін өтіріктің түрлерін тізбектеп, талдап берді. Сұхбаттасушының әңгімесін бағалау, іс-қимылдарын зерттеу мен талдаудың сан түрлі қырларын ашып көрсете отырып, қателікке бой алдырмаудың жолдарын көрсетті. Семинарға қатысушы жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алып, күнделікті кездесетін адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттеуге кірісті. Өзінің тәжірибесінде кездескен қызықты жағдайларды баяндап берген Сергей Семенченко, жастардың өмірінде маңызды рөл атқаратын адами құндылықтарды бағалауға, сақтауға шақырды.