Жаңалықтар
Оксана Лоскутова жас журналисттерге семинар-тренинг өткізді

Оксана Лоскутова жас журналисттерге семинар-тренинг өткізді

Оксана Лоскутова жас журналисттерге семинар-тренинг өткізді

Оксана Лоскутова жас журналисттерге семинар-тренинг өткізді

Ағымдағы жылдың 8 ақпанында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы негізінде «Жас журналистер клубының» балалар мен жастар құқықтарын қорғау тақырыптарын жариялаумен айналысатын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мамандарға арналған кезекті оқыту семинар-тренингі өткізілді. Семинар-тренингтің дәріскері танымал журналист, «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары Оксана Лоскутова.

Тренинг барысында жастармен (балалармен) жұмыс істеудегі теледидардың ерекшеліктері мен сипаттамалары, теледидардағы балалар имиджі, бұқаралық ақпарат құралдарында балаларды пайдалану, балалар туралы ақпарат жинау және оларды өңдеу, балалар және жасөспірімдермен оң байланыс орнату, бұқаралық ақпарат құралдарында жиналған ақпаратты жарыққа шығарудың этикалық қағидалары жайлы тақырыптар қозғалды.

Шара соңында жас журналисттер өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, спикерден мазмұнды да жан-жақты жауаптар алды.

Іс-шара ұйымдастырушылары: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) ҚР өкілеттілігі.

11.05.2018

Возврат к списку