Жаңалықтар
Тоғызқұмалақ - Ұлттық спортымыз өркендеуде

Тоғызқұмалақ - Ұлттық спортымыз өркендеуде

Тоғызқұмалақ - Ұлттық спортымыз өркендеуде

Тоғызқұмалақ - Ұлттық спортымыз өркендеуде

Бүгін, 6 ақпан күні Жастардың Лофт орталығында Қазақтың ұлттық ойыны Тоғыз құмалақтан Республикалық кубоктың ашылу салтанаты өтті. Алматы қаласы Тоғызқұмалақ Федерациясы ұйымдастырған сайыста Қазақстанның 12 облысы мен Астана, Алматы қалаларының үздік спортшылары мен командалары бақ сынауда.
Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, басты демеуші ретінде, Ұлттық спорттың дамуына үлес қосып, Республикалық кубоктың ұйымдастырушылары қатарында қызмет атқарды. Сайыскерлерге сәттілік тілеп, іс-шараны ашып берген құрметті қонақтар қатарында: Астана қаласы бойынша Мемлекеттік жаттықтырушы- Дастан Исатайұлы, Алматы қаласы №16 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар спорт мектебінің директоры Қуаныш Мадышев, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Ауғанбаева, Тоғызқұмалақтан ҚР аға жаттықтырушысы Айнұр Жақыпбаева, Алматы қаласы Спорт және Туризм академиясының профессоры Мухиддинов Ерғали мырза сынды ұлттық спорт жанашырлары болды. Республиканың әр қиырынан келген 100-ге жуық спортшы, Жастардың Лофт орталығында, ұлдар және қыздар арасында, төрт күн бойы (6-9 ақпан) сынға түседі. Сайыстың қорытындысы алдағы жаңалықтарда ұсынылады.





11.05.2018

Возврат к списку