Жаңалықтар
Жастар және балаларға ақпараттың әсер етуі - семинар-тренинг

Жастар және балаларға ақпараттың әсер етуі - семинар-тренинг

Жастар және балаларға ақпараттың әсер етуі - семинар-тренинг

Жастар және балаларға ақпараттың әсер етуі - семинар-тренинг

Балалар мен жастар құқықтарын қорғау тақырыбына арналған семинар-тренингі өткізіледі. Іс-шара ұйымдастырушылары: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілеттілігі. Семинар-тренингті «Минченко консалтинг» (Ресей) коммуникациялық холдингтің атқарушы директоры Евгения Стулова жүргізеді. Семинарының негізгі тақырыптары БАҚ-та ақпараттың бұрмалануы, ақпараттың жасөспірімдердің санасына әсер етуі, Әлеуметтік желілердің жасөспірім мен балалардың сана-сезіміне, іс-әрекетіне ықпалы, БАҚ-та әлеуметтік маңызды мәселелерді жариялау тәртібі, әлеуметтік желілер мен блогтардағы тұлға бейнесін құру жолдары, жас (жаңадан бастап жүрген) блоггерлердің негізгі қателіктері мен табысқа жету стратегиялары, жағымсыз ақпараттық ағымдардың алдын-алу жолдары.
«Жас журналистер клубы» жобасының мақсаты – балалар мен жастарға қатысты өткір, әлеуметтік маңызды мәселелерді БАҚ-та жариялайтын жас журналистердің талдау және сыни ойлау дағдылары мен қабілеттерін, кәсіби мамандық деңгейін, журналистік этикалық қағидаттары мен құқықтық ережелер бойынша медиа сауаттылығын дамыту. Клуб отырысы семинар-тренинг форматында 2018 жылдың ақпанына дейін бір айда 1-2 рет өткізіледі. Семинар-тренингтің 70% бағдарламасын игерген қатысушылар аттестациялық тестілеуден өтіп, «Жас журналистер клубының» арнайы сертификатына ие болады. Семинар-тренингтер әртүрлі тақырыпта өтеді және оны өткізуге қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері, танымал қоғамдық, саяси қайраткерлер, медиа саланың белсенді тұлғалары шақырылады. Семинар-тренингке қатысуға ниет білдірушілерді. infonic@elzhastary.kz электронды адресіне немесе 8 (7172) 27 81 59 телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Қатысу тегін. Өтетін уақыты: 28 қараша 2017 жыл, сағ. 19:00. Қатысушыларды тіркеу: сағ. 18:30-19:00. Мекен-жай: Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 41, «Silk Way» бизнес-орталығы, 6 қабат, конференц-зал.
04.05.2018

Возврат к списку