Жаңалықтар
Жастар және балалар құқықтарын қорғау туралы қазақ тілінде материал даярлау - семинар-тренинг

Жастар және балалар құқықтарын қорғау туралы қазақ тілінде материал даярлау - семинар-тренинг

Жастар және балалар құқықтарын қорғау туралы қазақ тілінде материал даярлау - семинар-тренинг

Жастар және балалар құқықтарын қорғау туралы қазақ тілінде материал даярлау - семинар-тренинг

2017 жылдың 9 қараша күні «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығыда «Жас журналистер клубы» жобасының балалар мен жастар құқықтарын қорғау тақырыптарын жариялаумен айналысатын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мамандарға арналған кезекті оқыту семинар-тренингі өткізіледі. Семинар-тренинг жұмысына қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, танымал қоғамдық, саяси қайраткерлер, медиа саладағы белсенді тұлғалары, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) өкілеттілігі қатысады деп жоспарлануда. Семинар-тренингті белгілі журналисі, «Азаттық радиосы» қазақ тіліндегі ТВ продюсері - Қасым АманжолұлыОқыту семинарының негізгі тақырыптары: қазақ тілінде материал жазудың қағидалары мен спецификасы, баспасөз-релизі мен ақпараттық хабарды құрастыру, қазақ тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ-та) жастар және балалар құқықтарын қорғау тақырыбында жарияланған материалдар мысалдары.

Қасым Аманжолұлы - Азаттықтың ТВ продюсері. "Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті" газеттерінде, "Қазақстан", "Алматы", K+ және "Таң" телеарналарында редактор-жүргізуші болып қызмет атқарған. Көрермендер арасында танымал болған "Шынның жүзі", "Бірінші" және Qazaq News жобаларының авторы және модераторы. "Елімнің ертеңі не болмақ?" атты қастандықтан қаза тапқан оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы туралы деректі фильм авторы.

Еске сала кетейік, «Жас журналистер клубы» жобасының мақсаты бұқаралық ақпарат құралдарындағы балалар мен жастарға қатысты өткір, әлеуметтік маңызды мәселелерді жариялайтын жас журналистердің талдау және сыни ойлау дағдылары мен қабілеттерін, кәсіби мамандық деңгейін, журналистік этикалық қағидаттарын және құқықтық ережелерін, медиа сауаттылығын дамыту.

Клуб отырысы бір айда 1-2 рет оқыту іс-шаралары форматында өткізіледі. Семинар-тренинг жұмыстарының нәтижесінде 70% оқыту бағдарламасын игерген қатысушылар арнайы сертификатқа ие болады. Іс-шара ұйымдастырушылары: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) ҚР өкілеттілігі. Семинар-тренингке қатысуға ниет білдірушілерді infonic@elzhastary.kz электронды адресіне немесе 8 (7172) 27 81 59  телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Қатысу тегін. Өтетін уақыты: 09 қараша 2017 жыл, сағ. 19:00. Қатысушыларды тіркеу: сағ. 18:30-19:00. Мекен-жай: Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 41, «Silk Way» бизнес-орталығы, 6 қабат, конференц-зал.

04.05.2018

Возврат к списку