Жаңалықтар
СТУДЕНТТІК ЛИГА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

СТУДЕНТТІК ЛИГА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

СТУДЕНТТІК ЛИГА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

СТУДЕНТТІК ЛИГА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында футзалдан "Студенттік лига" турнирі өтті.

Турнирге жалпы жоғары және орта арнаулы оқу орнындарынан 16 команда қатысып, жүлделі І -орынды Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты спортшылары иеленсе, ІІ-орынды Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті спортшылары қанжығасына байлады, ал жүлделі ІІІ-орынды М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Парасат» колледжінің спортшылары иеленді.

Жүлделі орындардан бөлек ойын барасында көзге түскен үздіктер де назардан тыс қалмай, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің студенті Кураев Хусеин «Үздік қақпашы» атанса, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Лес Қанат «Үздік шабуылшы» , ал Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенті Ибрагимов Саламат «Үздік ойыншы» атағына ие болды.

03.05.2018

Возврат к списку