Жаңалықтар
Жастар ресурстық орталығы жастарға арналған тренингтердің жаңа блогын бастады

Жастар ресурстық орталығы жастарға арналған тренингтердің жаңа блогын бастады

Жастар ресурстық орталығы жастарға арналған тренингтердің жаңа блогын бастады

Жастар ресурстық орталығы жастарға арналған тренингтердің жаңа блогын бастады

26 қазан күні Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша, Алматы қаласы Жастар ресурстық орталығы мен International Business Academy компаниясының ұйымдастыруымен жастарға арналған тренингтердің екінші блогы басталды.
Үш тренингтен тұратын блок, «Табысты кәсіп ашу жолдары» тақырыбына арналған. Курсқа қатысушыларға, жеке кәсіп ашудың қыр-сырын түсіндіретін, жеке кәсіпті дамыту саласының эксперті, маркетинг, сатылым, брендинг, инновация салаларының бизнес-тренері, бизнес жайлы 6 бестселлердің авторы Аркадий Теплухин.
Аталған тақырыптағы бірінші тренингті тыңдауға 30-дан аса қаламыздың жеке кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан жастары мен студенттері қатысты.
Семинарға қатысушы жастар жеке кәсіпкерлікті қалыптастырушы сатылар, өз ісіңді ашудағы алғашқы қадамдар, мақсат пен мүддені анықтау жолдары, тың идеяларды табу, қателікке бой алдырмау, жеке кәсіпті жолға қою мен дамыту мәселелерін үйренді. Сонымен қатар лектор, берілген мәліметтерді арнайы тәжірибе арқылы бекітті. Бірнеше топқа бөлінген қатысушылар, өздерінің бизнес-жоспарларын, идеяларын, атауы мен ұрандарын жеке кәсіпкер ретінде ұсынды.
Келесі тренинг 2 қараша күні, алғашқы капитал, «Ақшалай сатылар», банктермен жұмыс, инвесторлармен жұмыс және басқа да тақырыптар талқыланады.

03.05.2018

Возврат к списку