Жаңалықтар
Ақмола облысында жастарға арналған жыл сайынғы «BASTAU Talks» қоғамдық дәрісі

Ақмола облысында жастарға арналған жыл сайынғы «BASTAU Talks» қоғамдық дәрісі

Ақмола облысында жастарға арналған жыл сайынғы «BASTAU Talks» қоғамдық дәрісі

Ақмола облысында жастарға арналған жыл сайынғы «BASTAU Talks» қоғамдық дәрісі

Қазан айының 19 жұлдызында Көкшетау қаласының «Достық  үйінде» Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы жыл сайынғы жастарға арналған «BASTAU Talks» қоғамдық дәрісін өткізді. Қоғамдық дәрістің негізгі мақсаты – жастарды елімізде бизнес жүргізудің мүмкіндіктерімен ақпараттандырып, ынталандыру болды. «BASTAU Talks» қоғамдық дәрісіне қаламыздың беделді бизнес – спикерлері, жоғары оқу орындары және колледж студенттері қатысты.

«BASTAU Talks» қоғамдық дәрісін  Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Ысқақов Тимур Маратұлы ашып, бәріне сәттілік тіледі. Қоғамдық дәрісінің бизнес-спикері «Гормолзавод» ЖШС директоры Асен Жақсылықов өз бизнесінің қыр – сырымен бөлісе отырып, жастарға ұсыныс жасады. Егер де жастар арасында өз бизнесін ашып, жүргіземін деген болса, өз бизнес – жоспарын құрып, қорғап шықса, қолынан келгенше сол бизнесті дамытуға қол ұшын беретінін айтса, Астана қаласынан келген киім дизайнері, имиджмейкер, «SA - BELLE» дизайн мектебінің қалаушысы Белла Сат – Мырза бизнестің оңай жақтары мен қиын жақтарына тоқталып кетті. Сонымен қатар ешқашан да қолыңды түсірмей, алдыңа қойған мақсатқа жету үшін жайлылық аймағыңнан шығап, алға қадам басу қажеттігі жайында жастарға түсіндіріп кетті. Ал үшінші спикер, АҚ «Атамекен» ҰКП бизнес – тренері Жанат Жақыпов жастарға қазіргі кезде мемлекеттен қандай көмек берілетіні жайында егжей – тегжей айтып шықты. Бизнес – спикерлер өздерінің сөздерін презентациялармен сүйемелдеп отырды. Отырған жас қауым бар ынтасымен тыңдап, қызытырған сұрақтарын қойып, ойын мазалап жүрген мың сұрақтарының жауаптарын алып шықты.  Сонымен қатар кеш барысында кешімізге келген жас бизнес иелері де ортаға шығып, өз бизнестері жайында қысқаша айтып, «BASTAU Talks» қоғамдық дәрісінің өздеріне қандай әсер қалдырғандығы жайында тоқталып кетті. Кеш басталмай тұрып келген қонақтар мен студенттер арасында шағын конкурс өткізіліп, қорытындысы іс – шараның соңында айтылды. Студенттер қызығушылық танытып, белсене қатысты. Сайыстың жеңімпаздары Айдана Рахметуллина, Айгерим Бостанбаева, Алина Баубекова, Абылай Азретали. Кеш барысында жастар арасында шағын сауалнама жүргізілді. Кештің соңында Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы келген қонақтарға өз алғыстарын білдіріп, Ақмола облысының жастар саясатының атынан алғыс хаттармен мараппаттады.

03.05.2018

Возврат к списку