Жаңалықтар
Семинар-тренинг: «Жасөспірімдер арасында суицид тақырыбында материалдар жариялау және оны БАҚ арқылы алдын алу».

Семинар-тренинг: «Жасөспірімдер арасында суицид тақырыбында материалдар жариялау және оны БАҚ арқылы алдын алу».

Семинар-тренинг: «Жасөспірімдер арасында суицид тақырыбында материалдар жариялау және оны БАҚ арқылы алдын алу».

Семинар-тренинг: «Жасөспірімдер арасында суицид тақырыбында материалдар жариялау және оны БАҚ арқылы алдын алу».

2017 жылдың 25 қазанында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы негізінде «Жас журналистер клубының» балалар мен жастар құқықтарын қорғау тақырыптарын жариялаумен айналысатын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мамандарға арналған екінші оқыту семинар-тренингі өткізіледі.

Семинар-тренингтер жұмысына қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, танымал қоғамдық, саяси қайраткерлер, медиа саланың белсенді тұлғалары, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) өкілеттілігі қатысады деп жоспарлануда.

Үшінші семинар-тренингтің дәріскері: Негай Николай Анатольевич – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас психиатры.

Оқыту семинарының негізгі тақырыптары: суицид тақырыбын жариялаудағы этикалық нормалар, БАҚ және ғаламторда материал жариялауда суицидті алдын алу, жасөспірімдік және жастық кезеңдегі суицид.

Еске сала кетейік, «Жас журналистер клубын» жүргізу мақсаты бұқаралық ақпарат құралдарындағы балалар мен жастарға қатысты өткір, әлеуметтік маңызды мәселелерді жариялайтын жас журналистердің талдау және сыни ойлау дағдылары мен қабілеттерін, кәсіби мамандық деңгейін, журналистік этикалық қағидаттарын және құқықтық ережелерін, медиа сауаттылығын дамыту.

Клуб отырысы бір айда 1-2 рет оқыту іс-шаралары форматында 2018 жылдың ақпан айына дейін өткізіледі.

Семинар-тренинг жұмыстарының нәтижесінде 70% оқыту бағдарламасын игерген қатысушылар аттестациялық тестілеуден өтіп, «Жас журналистер клубын» өткендігін білдіретін сертификаттармен марапатталады.

Іс-шара ұйымдастырушылары: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) ҚР өкілеттілігі.

Семинар-тренингке қатысуға ниет білдірушілерді infonic@elzhastary.kz электронды адресіне немесе 8 (7172) 27 81 59  телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Қатысу тегін.

Өтетін уақыты: 25 қазан 2017 жыл, сағ. 19:00.

Қатысушыларды тіркеу: сағ. 18:30-19:00.

Мекен-жай: Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 41, «Silk Way» бизнес-орталығы, 6 қабат, конференц-зал.

Құрылды 20 Қазан 2017

25.04.2018

Возврат к списку