Жаңалықтар
«Бүгінгі күннің кейіпкері» атты мақалалар мен бейнебаяндар байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі

Ағымдағы жылдың 25 қазанында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында «Бүгінгі күннің кейіпкері» атты мақалалар мен бейнебаяндар байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Байқау жеңімпаздарына «Жастар» ҒЗО директоры Қалиев Талғат Бегімұлы мен байқау комиссиясының төрағасы Асаубаева Ақгүл Кенжебекқызы 1,2 және 3 дәрежелі дипломдар, сонымен қатар 100 мыңнан 300 мың тенгеге дейінгі ақшалай сыйақылар табыстады. Сондай-ақ Орталық директоры жеңімпаздарға құттықтау сөздерін айтып, шығармашылық табыс тіледі.

Еске сала кетсек, байқауға қазіргі қазақстандық кейіпкерлердің өмірінен алынған оқиғалар мен мысалдар бейнеленген, сондай-ақ жеке пікірлер, көзқарастар мен ой-толғаулар мазмұндалған бүгінгі күннің кейіпкері деп атануға лайық жастар жайлы мақалалар мен бейнебаяндар қабылданған болатын.

wmoRjiUcBLU

25.04.2018

Возврат к списку