Сұхбаттар
Жандос Ақтаев: «Әрекетсіздік қоғамның деградациясына әкеледі»

Жандос Ақтаев: «Әрекетсіздік қоғамның деградациясына әкеледі»

Жандос Ақтаев: «Әрекетсіздік қоғамның деградациясына әкеледі»

Нашақорлық – қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселелерінің бірі. Адамдар әлеуметтік жағдайына немесе жасына қарамастан нашақорлықтан зардап шегеді, оның ішінде жастар да бар. Қазақстандағы нашақорлықтан зардап шегетін адамдардың жағдайы туралы білу үшін «Есірткісіз болашақ» қорының басшысы Жандос Берікұлы Ақтаевпен әңгімелестік.

Қайырлы күн, Жандос! Сұхбаттасуға келіскеніңізге рахмет. Ең алдымен «Есірткісіз болашақ» қорының негізгі миссиясы туралы айта кетсеңіз?

«Есіртксіз болашақ» қоры жастар арасындағы нашақорлықтың алғашқы алдын алу және есірткі қылмысының алдын алумен айналысады. Біз ғаламтор кеңістігіндегі есірткі жарнамасы, есірткі бизнесіне жалдау туралы хабарландыруларды бақылап, оны «Mergen» IT алгоритмі арқылы бұғаттаймыз. Бүгінге дейін біз есірткі сататын және жастарды есірткі бизнесіне тартатын 3000-нан астам Telegram каналын бұғаттадық.

Сондай-ақ біз жастар мен олардың ата-анасына өмірлік дағдыларды үйрету тренингтерін өткіземіз, өйткені психикалық тұрақтылық пен саналылық сыни ойлауды дамытады, адамдарға жағдайларға байсалдылықпен қарауға мүмкіндік береді және нашақорлықтың таралуын болдырмайды. Біз көпшіліктің есірткіге қатысты үнсіз мақұлдауымен күресіп жатырмыз, өйткені қоғамда көптеген адам бұған көз жұмып қарауға тырысады және бұл әрекетсіздік қоғамның деградациясына әкеледі. Біздің қор сонымен қатар халықаралық қызметпен айналысады және нашақорлықтың алдын алу бойынша UNODC Орталық Азия желісіне төрағалық етеді. Біз өз тәжірибемізді көрші елдермен бөлісіп, аймақтық деңгейде салауатты қоғам құрудамыз.

Қазақстан бойынша есірткіге тәуелді жастардың саны жөнінде дерек бар ма?

Біздің деректер бойынша, әрбір бесінші жас адам есірткіні қолданып көрген, бұл өте алаңдатарлық статистика. Өздеріңіз білетіндей, синтетикалық есірткілер бірінші реттен тәуелділікті тудырады, ал олардың тұтыну үлесі Қазақстанда 70%-дан асады. Қазір Қазақстанда 6 миллионға жуық жас адам бар, ал олардың әрбір бесіншісі – бір жарым миллионға жуық жас азамат. Үнсіздік деңгейін ескере отырып, бұл санды үшке көбейте берсек болады (3-4 миллион адам).

Сіздің дерегіңізге сәйкес тәуелді адамның орташа жасы қандай?  

Есірткіге тәуелді адамның орташа жасы кішірейіп келеді, қазіргі орташа жас – 17 жас. Мен оңалту орталықтарында емделіп жатқан әлдеқайда жас бозбалаларды да көрдім, бұл аса алаңдатарлық жағдай.

Қазіргі кезде жастар арасында ең көп таралған психоактив заттар қандай? Мұндай заттардың қолжетімділігін қалай азайтуға болады?

Қазір бұл мефедрон деп аталатын синтетикалық препарат. Оның қолжетімділігін тек екі жолмен азайтуға болады:

  - біздікі сияқты қорларды көбейтіп, алдын алу шараларын кеңейту;

  - құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту.

Азаматтардың хабардарлығын арттыру және есірткі зертханаларын жою арқылы ғана біз халықты осы дерттен қорғай аламыз. 

Егер жақын адам нашақорлық пен алкоголизм проблемаларына тап болса, қайда жүгіну керек?

Кез келген тәуелділік – бұл ауру, ауру жағдайында оңалтудан өтуге мүмкіндік беретін мамандарға, яғни аддиктологтар мен психологтарға жүгіну қажет.

Жасөспірімдер мен жастарды ішімдік, темекі және есірткіге деген құштарлықтан қалай сақтай аламыз?

Бұл бүкіл халықтың міндеті екенін және әркім өз үлесін қосуы керек екенін түсіну керек. Бізге әртүрлі адам өзінің дағдыларымен, уақытымен және ресурстарымен көмектескісі келеді. Біз мұны өте жоғары бағалаймыз және олардың әлеуетін 100% жүзеге асыруға тырысамыз. Қайырымдылықтың әрбір теңгесі, әрбір тренинг пен көрсетілген консультация бізге көбірек адамдарды қамтуға мүмкіндік береді. Біздің қауіпсіздігіміз – біздің қолымызда, егер біз тәуелді халық болғымыз келмесе, онда бәріміз осы жұмысқа атсалуымыз керек.

 Сұхбат соңында жас қазақстандықтарға не тілер едіңіз?

Әрбір қазақстандыққа біз тек тәуелсіз ел емес, сонымен қатар тәуелсіз халық екенімізді есте сақтағанын тілеймін. Бұл тәуелсіздікті кез-келген қиындыққа қарамастан сақтау маңызды (барлық жағынан). Біздің қордың бір бөлігі болып, жастарымыздың денсаулығы мен болашағын қорғауға атсалысыңыз!

Сұхбат үшін көп рахмет!

Сұхбаттасқан «Жастар» ҒЗО сарапшысы Жадра Аюухан

Фотоматериалдар Жандос Ақтаевтың жеке мұрағатынан алынды

Жауапкершіліктен бас тарту: Осы материалда айтылған пікір мен көзқарас автор(лар)ға ғана тиесілі және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ресми ұстанымын көрсетпейді. Сонымен қатар Орталық осы материалдағы ақпараттың дәлдігі, толықтығы немесе сенімділігі үшін жауапкершілікті өз мойнына алмайды.

12.02.2024 767

Возврат к списку