Дана Қамзабек: «Шектеу аса сезілмейтін ғажап заманда өмір сүріп жатырмыз»

Дана Қамзабек: «Шектеу аса сезілмейтін ғажап заманда өмір сүріп жатырмыз»

Қазіргі таңда қазақ тілінің қоғамдағы рөлі артып келе жатқаны ешкімге құпия емес. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев қазақ тілін меңгеруді біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам деп бағалап, қазақ тілін үйренуге талпынған отандастарымызды әрдайым қолдауға шақырады.

Қоғамда жастар арасында қазақтілді контентке де сұраныстың артып жатқаны қуантарлық жайт. Осы орайда, қазақтілді қоғам өкілдері арасында өз ойын іске асырып, жастарды әлеуметтендіруде еңбек етіп жүрген тұлғалар да аз емес. Солардың бірі – «Tez Tap» интелектуал ойынын жасап шығарған Дана Қамзабек.

3b20e5f6f640f1f8b09834a592f05250a25a108daa3259191193a0be192479c3.jpg

- Сәлеметсіз бе, Дана ханым! Өзіңіз туралы қысқаша айтып өтсеңіз.

- Сәлеметсіз бе! Атым – Дана Қамзабек. 28 жастамын. Алматы қаласының тумасымын. Жоғарғы білімді химия саласы бойынша Назарбаев Университетінде алып, магистратураны физикалық химия бойынша Франция, Париж қаласындағы Université Paris-Sud білім мекемесінде жалғастырдым. Биыл бизнес саласындағы білімімді жетілдіру мақсатында Назарбаев Университетінің іскерлік басқару (МВА) бағдарламасына оқуға түстім.  

- Сіз жұрт арасында «Tez Tap» интелектуал ойынының жасаушысы ретінде танымалсыз. Осы бір үстел ойынын жасау ойыңызға қалай келді? Оны жасап шығаруға не түрткі болды?

- Бұл ойын туралы идея бұрыннан бар еді. Өйткені достар, туыстармен жиналғанда осындай үстел ойындарының орысша нұсқасын ойнап, қызық уақыт өткізетінбіз. Сондай кездерде ойын арқылы кез келген отырысты көркейтіп жіберуге болатынын байқаған едім. Сондықтан карантин кезінде, артық уақыт пайда болғанда, осы идеяны іске асыруға бел будым.

Басында қорап сыртында не жазу керегін, құрамына не кіретінін, өлшемі қандай болу керегін, ойын шартын қалай жазу керегін тіпті білмейтін де едім. Сосын нарықтағы ойындарды саралап, 10 шақты үстел ойынын алдырып, талдау жасадым. Артынша дизайнер іздей бастадым. Өзім бірнеше жыл бойы сүйсініп, бақылап жүрген талантты дизайнер бар еді. Аты – Дмитрий Со. Ол Қанат Бейсекеев сияқты атақты кісілерге дизайн жасайтындықтан мен үшін аспандағы жұлдыздай қолжетімсіз маман ретінде көрінетін. Бірақ «көз – қорқақ, қол – батыр». Өзіне хабарлама жазып, жобам туралы түсіндіріп бердім. Идеям Дмитрийге ұнап, дизайнын жасап беруге келісті. Бұл менің алғашқы жеңісім болды. Сол кісінің қолдауымен ойынымыз бір деммен пайда болды. Әлі күнге дейін Дмитрийге «Tez Tap» ойынының керемет дизайны үшін алғысым шексіз.

TezTap-10.jpg

- Үстел ойыны қай жерде және қалай өндіріледі?

- Ойынның алғашқы тиражын Қазақстанда жасап шығардық. «Бізде анау жоқ, мынау жоқ» деген таптаурынды бұзу үшін бұл бір маңызды қадам болды. Дегенмен тиісті баспахана табу оңай болмады, өйткені біздегі баспаханалардың мұндай үстел ойындарын шығару бойынша тәжірибесі аз. Әйтседе біз берілмей, ойынды толықтай Қазақстанда жасап шығардық. Бәрі ойлағанымдай болды. Сапасы импортталған ойындардан еш кем түспейді.

- Ойынға жастар тарапынан қызығушылық бар ма?

- Ойынға қызығушылық өте жоғары. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі көптеген қала мен ауылға жеткіздік. Жастар тарапы ойынды өте жақсы қабылдап жатыр. Тіпті мектептер де қызығушылық танытып, он-оннан тапсырыс беріп, алдырып жатыр.

- Командаңызда сізден басқа кім бар?

- Командамызда сегіз адам бар. Кейбір команда мүшелері бұдан бөлек жеке жобаларын іске асырып жүр. Бізді біріктіретін фактор – қазақ тіліне деген махаббатымыз.

- «Tez Tap» басқосулары қалай өтеді?

- 2021 жылы Наурыз мейрамына орай алғашқы «Tez Tap» куизін ұйымдастырдық. «Tez Tap» куизі – айына екі рет рестобарларда өтетін командалық зияткерлік ойын. Мұндай куиздер қаламызда орыс тілінде жиі өтіп тұрады.

Кез келген адам 2-8 мүшеден құралған топ жинап, куизге қатыса алады. Командалар куиз барысында логика мен дүниетанымға байланысты түрлі сұраққа жауап беріп, ұпай жинайды. Ең жоғары ұпай жинаған команда жеңіп, жүлделерге ие болады. Қазір бір куизге 10-15 команда жиналады. Куиздердің өз атмосферасы бар. Мұнда адамдар қызық әрі пайдалы уақыт өткізу үшін келеді.

b305ccfa9972af11c12c11ce088afd9b4e44381f8adc18b0fa94249367ecc5c6.jpg

- Ойында сұрақтар қалай таңдалады? Қандай салаларды қамтиды? Жастарды негізінен қандай сұрақтар қызықтырады?

- Куиз сұрақтарын құрастыратын төрт авторымыз бар. Әрқайсы бір-бір сала маманы. Негізінен, сұрақтар тарих, тілтаным, география, ғылым, өнер, локикаға қатысты болады. Алайда кей-кейде адамдарды «қыздыру» үшін жеңіл тақырыптағы сұрақтар да болады (шоу-бизнес, кино, соңғы жаңалықтар және т.б.). Соңғы куиз Елорда күніне орайластырылғандықтан, сұрақтар көбіне Нұр-Сұлтан қаласының тарихы, көшелері мен үйлері, танымал тұлғалары туралы болды.

Жастарға барлық сұрақ қызық деп айтуға да болады. Командада бір емес, бірнеше адам болғандықтан, біреуі білмесе, біреуі біледі. Қатысушылар сұрақтарды команда ретінде талқылап, жауабын береді. Сол себепті қандай сұрақтар көбіне ұнайтынын бөліп-жарып айту қиын.

- Тікелей қарым-қатынасқа сүйенетін осы интелектуал ойын форматына пандемияның теріс әсері бар ма?

- Иә, пандемия куиздің тезірек дамуын тежеп тұр, әрине. Өйткені аяқ асты карантин шектеулері күшейіп, куизді шегеру керек болып қалады. Қатысушылар енді қызығып келе жатқан кезде, оларды осылайша жоғалтып аламыз.

Жалпы, кез келген нәрсенің дамуы үшін жүйелілік пен тұрақтылық керек. Пандемия жағдайында осы екеуіне қол жеткізу қиынға соғып тұр.

- Қалай ойлайсыз, «Tez Tap» ойыны ресейлік «Что? Где? Когда?» интелектуал ойынының қазақстандық аналогы бола ала ма?

- Мүмкін, бәрі де мүмкін. Дегенмен мен әзірше «Tez Tap»-ты жалпыға арналған қолжетімді интелектуал ойын-сауық түріне айналдырғым келеді. Ал «Что? Где? Когда?» тек аса ақылды адамдарға – тар топқа арналған ойын.

980434fbb872421db6f4f8b4de3a8301a75df906dfd4eaca00a6e402e7ae6943.jpg

- Ойынды орыс тілінде немесе өзге де тілдерде дайындап шығару жоспарда бар ма?

- Ойынның қазіргі басты аудиториясы – қазақтілділер. Сондықтан әзірге өзге тілге аудару мақсатымызда жоқ. Алайда мүмкін емес деп айтуға да болмас, бәрі де болуы мүмкін ғой.

- Ойынға еліміздің басқа өңірлерінде қызығушылық танытқандар бар ма?

- «Tez Tap» үстел ойынына да, куизге де жан-жақтан қызығушылық өте жоғары. Үстел ойынын біз басқа өңірлерге көптеп поштамен жеткізіп отырамыз. Ал куиз жергілікті іс-шара болғандықтан, әзірге тек Нұр-Сұлтанда ұйымдастырып жүрміз. Пандемия аяқталған соң, басқа қалаларда да өткізу жоспарымызда бар.

f517a0d99b009c1960c64b70bb0112605cec6aa4e1170a1e2f2284746c998635.jpg

- Қалай ойлайсыз, елімізде жастардың біліми және интелектуал дамуына жағдай жасалған ба?

- Біз қазір шектеу аса сезілмейтін ғажап заманда өмір сүріп жатырмыз. Қай елде тұрмасын, интернеті бар кез келген адамның жан-жақты дамуына әрбір мүмкіндігі бар. Біздің елде сол интернетке шектеу жасалмағанының өзі күшті жағдай жасап отырғаны деп түсінемін.

- Қазақстан жастарының жағдайын одан әрі жақсарту үшін тағы не істелуі керек?

- Бұл тым абстракт тақырып, анық жауабын айту қиын. Сыбайлас жемқорлық мүлдем болмауы керек шығар. Сосын білім беруге басымдық беру керек шығар. Көзі ашық, көкірегі ояу, санасы жетілген жастардан артық капитал жоқ деп ойлаймын.

- Биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Сіз үшін тәуелсіздіктің мәні неде?

- Тәуелсіздік – өте ауқымды, киелі ұғым. Тәуелділік – құлдық. Құл болудан қиын, қасіретті нәрсе жоқ шығар. Сондықтан тәуелсіздік – бұл өмір.

08afdf2c9f9f68b64c2c31ad31000751411df51ad03a02d88edb321a71c027aa.jpg

5cb6e83fd4c9285e5ebf72ac9e62ef2c8298c148c157cebf09816324708d87a2.jpg


cf5f0a531aa1642f8e0ea076f3f96db217b758959a90510d56da30fd1cb1a314.jpg


8704fde53018912e748b2be1a8bd6fb3490d7d6123f5df730046270ea30e7224.jpg


Сұхбатыңыз үшін алғыс білдіреміз!

 

Сұхбат алған –
Нұрдәулет Затилла,
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшысы

 

27.07.2021 126
Экспертная площадка «Jastar: ózekti másele», 14 сентября 2021 года
«Jastar: ózekti másele» сараптама алаңы, 2021 жылғы 14 қыркүйек
15.09.2021
Открытие Республиканского проектного офиса, 30 апреля 2021 года
Республикалық жобалық кеңсенің ашылуы, 2021 жылғы 30 сәуір
13.05.2021
Индекс развития молодежи
Жастардың даму индексі
29.04.2021
Портал eljastary.kz
Eljastary.kz порталы
10.03.2021
Национальный доклад "Молодежь Казахстана – 2020"
10.03.2021
Научно-исследовательский центр "Молодежь"
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы
10.03.2021
Научно-исследовательский центр "Молодежь"
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы
10.03.2021
Как найти работу?
Жұмысқа тұру жолдары
10.03.2021
Молодежные ресурсные центры
Жастар ресурстық орталықтары
10.03.2021
Носите маски, не подвергайте свою жизнь опасности!
28.09.2020
ЖРО қызметкерлері балаларды хайуанаттар бағына апарды
ЖРО қызметкерлері балаларды хайуанаттар бағына апарды
13.02.2020
"Ақжайық жастары"- балалар үйінде
"Ақжайық жастары"- балалар үйінде
03.02.2020
"Біз біргеміз"- БҚО-да
"Біз біргеміз"- БҚО-да
03.02.2020
Волонтер дегеніміз кім?
Волонтер дегеніміз кім?
21.01.2020
Как реализовываются молодежные проекты в Казахстане?
22.11.2019
Как эффективно работать с молодежью?
22.11.2019
Арендное жилье І Квадратный метр
12.11.2019
Грандиозное шоу в честь 10-летия фестиваля «ЖасSTAR»!
11.11.2019
Онлайн-курс школы молодежной политики
"Жастар саясатының негіздері онлайн-курсы"
29.10.2019
"Пять к одному". Эксперт рассказал о формуле гармоничных отношений в семье
24.10.2019

Возврат к списку