Жастар саясаты саласындағы мамандардың біліктілік деңгейін арттыру шаралары ұйымдастырылуда

Жастар саясаты саласындағы мамандардың біліктілік деңгейін арттыру шаралары ұйымдастырылуда

Жастар – еліміздің ең басты ресурстарының бірі. Олар әлемдегі тұрақсыз жағдаятқа байланысты жаһандық сын-қатерлердің салдарына жиі кезігіп жүр. Оның үстіне, әлемдік пандемия кесірінен жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуы да біршама бәсеңдеп қалды. Осы бағытта жауапты органдар не істеп жатыр, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев тарқатып айтты.

Жастар туралы сөз қозғамас бұрын, ең алдымен, осы санаттағы азаматтардың кім екенін анықтап алған жөн. Әлемдік тәжірибеде әртүрлі ел мен аймаққа байланысты жастар санатына 10-нан 35 жасқа дейінгі адамдар жатады. Қазақстанда «жастар» ұғымы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР заңында анықталған. Онда көрсетілгендей, еліміздегі 14-тен 29 жасқа дейінгі барлық азамат жастар санатына жатады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, республикада осындай жас азаматтардың саны – 3 765 383 адам, ал бұл – елдегі жалпы халықтың 20,2%.1 Демек, еліміздің әрбір бесінші тұрғыны жастар қатарына жатады.

1.png

Қазіргі таңда әлемдегі ахуалға және өзге де әртекті проблемаларға байланысты қазақстандық жастар экономикалық, әлеуметтік және өзге де сын-қатерлерге тап болуда. Осындай мезеттерде оларға жәрдемдесіп, бағдар сілтеудің зор маңызы бар. Осы бағытта, жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, мемлекеттік жастар саясатын жергілікті деңгейде іске асыру мақсатында еліміздің барлық аймағында Жастар ресурстық орталықтары (ЖРО) құрылған. Бұл орталықтар ақпараттық-әдістемелік, консультациялық көмек, жастар бастамаларын қолдау, жастар ортасындағы жағдайды бақылау және талдауды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта бүкіл республика аумағында 209 ЖРО табысты жұмыс істеп жатыр, оның ішінде 12 облыстық, 35 қалалық және 162 аудандық ЖРО да бар.2 Жастар өмірінің негізгі салаларын толық қамту үшін, сондай-ақ олардың өз қабілетін іске асыра білуіне жағдай жасау үшін жаңа ЖРО-лар ашу жұмыстары жалғасуда, – деді А. Сакошев.

history-001.jpg

Спикер сонымен қатар «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының алатын орны туралы да тоқталып өтті.

Сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы («Жастар» ҒЗО) жұмыс істеп келеді. Өз кезегінде, «Жастар» ҒЗО жұмысының маңызды бағыттарының бірі ретінде ЖРО қызметін ұйымдастыруға әдістемелік қолдау көрсетіп, мамандарына кәсіби көмек береді. Осы бағытта, «Жастар» ҒЗО жанында «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл мектеп ресурстық орталықтар мамандарының біліктілігін арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін көтеруге бағытталған арнайы білім беру бағдарламасын іске асырады

3.png

Оның айтуынша, жыл басынан бері осы мектеп аясында ЖРО мамандарына және жастармен жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған үш кең көлемді семинар-тренинг өткізілген. Сарапшы осы іс-шаралар туралы толығырақ айтып өтті.

– «ProInfo» аталған алғашқы о семинар-тренинг 21-23 сәуір аралығында үш күн қатарынан өтті. Бұл тренингтің көздегені мемлекеттік жастар саясаты саласында ресурстық орталықтар қызметі туралы ақпараттық материалды сапалы қалыптастыруды қамтамасыз ету болды. Еліміздің әр өңірінен қатысқан мамандар ақпараттық материал жасаудың негізгі критерийлері, әлеуметтік желілерде жұмыс істеудің соңғы тенденциялары мен мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ eljastary.kz бірыңғай жастар интернет-ресурсы жөнінде кеңінен ақпарат алды.

Оның айтуынша, осы семинар-тренингтің сессияларын жүргізуге танымал отандық тренерлермен қатар «Жастар» ҒЗО сарапшылары да атсалысқан.

– Екінші үш күндік семинар-тренинг 28-30 сәуір аралығында ұйымдастырылды. Бұл іс-шара әлемдегі және еліміздегі жағдаятты есепке ала отырып, «NEET: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында өтті. Жыл сайын жұмыссыз немесе жартылай жұмыспен қамтылған жастар көрсеткіштерінің саны артып келеді, қазіргі уақытта олардың үлесі 7,1% құрайды. Осы орайда, ЖРО басшылары мен мамандары NEET санатындағы жастарды есептеу әдістемесін жаңарту мәселелері туралы сөз қозғады.

Осы тренинг шеңберінде, сонымен қатар, тренерлер әлеуметтанулық зерттеулер нәтижесін егжей-тегжейлі қарастырып, NEET-жастармен жұмыс істеу бойынша шетелдік тәжірибені зерделеген.

– Үшінші тренинг-семинар 12-14 мамыр аралығында өткізілді. «Жастар ресурстық орталықтарын бағдарламалау» атты семинарға қатысушылар жастар саясатын аймақтық әлеуметтік бағдарламалау тұрғысынан қарастырып, жастармен жұмыс істеуді бағдарламалаудағы негізгі қағидаларын, әдістері мен формаларын қарастырды. Сондай-ақ, ЖРО жұмысын ұйымдастыру және олардың тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар да болғанын атап өткен жөн.

Сарапшының сөзінше, тренинг-семинар нәтижесі бойынша аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, ЖРО-лардың жастармен жұмыс істеу бағдарламалары үшін жеке шаблондар әзірлеу жоспарға енгізілген.

Тағы бір маңызды айтары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті қатысуымен Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөнінде Үйлестіру кеңесі жұмыс істеп жатыр.

Бұл кеңес – «Жастар» ҒЗО жанындағы тұрақты консультациялық-кеңесші орган. Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде барлық өңірлік ЖРО басшыларының онлайн қатысуымен өткен отырысында NEET санатындағы жастармен жұмыстың жаңа векторы сөз болды. Кеңес шеңберінде ЖРО қызметінде NEET санатындағы жастарды аймақтардың әлеуметтік-экономикалық өміріне тартуға бағытталған тәсілдерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Нәтижесінде NEET-жастармен жұмыс істеу тәсілдерін аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.


4.png

Спикер «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» аясында өткен семинар-тренингтерге еліміздің әр аймағынан жүзден астам маман қатысқанын атап өтті.

Қорыта келе, жыл басынан бері «Жастар» ҒЗО жанындағы «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» аясында ЖРО мамандарына және жастармен жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған оқыту семинар-тренингтерге еліміздің түкпір-түкіпірінен жалпы жүзден астам адам қатысып, біліктілігін арттырып, білімін шыңдады. Ал жыл соңына дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті қолдауымен «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» аясында жастармен жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған тағы да бірнеше оқыту семинарларын ұйымдастыру көзделіп отыр. Осылайша, еліміздегі жастарға көрсетілетін қызмет сапасын бірте-бірте арттырып, оларға жан-жақты қолдау көрсетпекпіз. Қазіргі таңда жастарды қолдап, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша жүйелі әлі тұрақты жұмыс жүргізіліп келеді. Осы бағыттағы жұмысты бұдан әрі жалғастырып, жастардың жағдайын жасауға бар күш-жігерімізді сала бермек.



arasha.kz 

20.05.2021 82
Открытие Республиканского проектного офиса, 30 апреля 2021 года
Республикалық жобалық кеңсенің ашылуы, 2021 жылғы 30 сәуір
13.05.2021
Индекс развития молодежи
Жастардың даму индексі
29.04.2021
Портал eljastary.kz
Eljastary.kz порталы
10.03.2021
Национальный доклад "Молодежь Казахстана – 2020"
10.03.2021
Научно-исследовательский центр "Молодежь"
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы
10.03.2021
Научно-исследовательский центр "Молодежь"
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы
10.03.2021
Как найти работу?
Жұмысқа тұру жолдары
10.03.2021
Молодежные ресурсные центры
Жастар ресурстық орталықтары
10.03.2021
Носите маски, не подвергайте свою жизнь опасности!
28.09.2020
ЖРО қызметкерлері балаларды хайуанаттар бағына апарды
ЖРО қызметкерлері балаларды хайуанаттар бағына апарды
13.02.2020
"Ақжайық жастары"- балалар үйінде
"Ақжайық жастары"- балалар үйінде
03.02.2020
"Біз біргеміз"- БҚО-да
"Біз біргеміз"- БҚО-да
03.02.2020
Волонтер дегеніміз кім?
Волонтер дегеніміз кім?
21.01.2020
Как реализовываются молодежные проекты в Казахстане?
22.11.2019
Как эффективно работать с молодежью?
22.11.2019
Арендное жилье І Квадратный метр
12.11.2019
Грандиозное шоу в честь 10-летия фестиваля «ЖасSTAR»!
11.11.2019
Онлайн-курс школы молодежной политики
"Жастар саясатының негіздері онлайн-курсы"
29.10.2019
"Пять к одному". Эксперт рассказал о формуле гармоничных отношений в семье
24.10.2019
Ежовые рукавицы для домашних тиранов. Общественники требуют усилить ответственность за насилие в семье
07.10.2019

Возврат к списку