«Жаңа көзқарас, үлкен талаптар арқасында жастар ғылымды алға жетелейді»

«Жаңа көзқарас, үлкен талаптар арқасында жастар ғылымды алға жетелейді»

«Жаңа көзқарас, үлкен талаптар арқасында жастар  ғылымды алға жетелейді»

Бүгінгі таңда мемлекетіміздің түрлі құрылымдарында жастардың үлесі мен әлеуетінің артып келе жатқанын байқауға болады.  Солардың бірі жуырда Президенттік жастар кадр резерві қатарына енген, еліміздегі беделді жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылатын Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Саясаттану кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Индира Садыбекқызын әңгімеге тартқан едік.

Индира Садыбекқызы, көпшілік жастар өздерінің армандаған мамандығы бойынша жұмыс істегенді қалайды. Сіз өзіңіздің мамандығыңыз бойынша ғылым жолын таңдауыңызға не түрткі болды?

Мектеп қабырғасында білім алып жатқан кезден бастап тарих, қоғамтану сияқты пәндер қатты ұнайтын. Бұл пәндер адам өмірінің үлкен саясатқа айналуын сипаттаушы еді. Сол сәттен бастап маған осы үдерісті зерттеу қызық бола бастады. Саясаттану мамандығына түсіп, оқудың екі кезеңін аяқтаған соң, ғылым жолын қууды арман еттім. PhD дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмыс жаза бастадым. Диссертациямның тақырыбы «Жастардың саяси мәдениеті Қазақстандағы азаматтық қоғамды қалыптастырудың факторы ретінде» деп аталды. Ғылым саласына бет бұрған адамға қалған бағыттар қызық болмай кетеді дегендей, мен осы ортаны таңдадым, жоғары оқу орнында жұмыс істеп, жастарды ғылым жолына тартуды жөн көрдім.

Сіз Президенттік жастар кадр резервіне енген соң, кафедра меңгерушісі қызметінен бөлек университет ректорының кеңесшісі лауазымына тағайындалған екенсіз. Жетекші позициядағы жас маман ретінде қандай жоспарларыңыз бар?

Иа, жастар кадрлық резервіне енген соң, ректорымыз Ерлан Батташевичтің ұсынысымен ректор кеңесшісі лауазымын қоса алып жүретін болдым. Осы позицияда мен жастар саясаты бағытын, жас ғалымдармен жұмыс жасау, жастардың арасындағы ғылымға, білімге деген оң пікір қалыптастыру мәселелерімен айналысамын. Сонымен қатар, гуманитарлық-қоғамдық ғылымдардың заманауи зерттеулерін енгізуге ат салысамын. Біз тек қана өзіміздің пікірімізбен ғана шектелмей, жан-жағымыздағы ортаға да әсер ете білуіміз қажет, осы орайда алдыма қойып отырған басты міндеттердің бірі – бұл қоғамдағы оқытушының имиджін көтеру, жастардың арасында бұл мамандыққа деген сұраныс пен беделін өсіру.


Қазіргі таңда білім алушы жастардың деңгейіне қандай баға бере аласыз?

Бүгінгі күні жастар жан-жақты дамыған, өте сауатты және ақпараттандырылған. Осыдан 10 жыл бұрынғы аудитория мен бүгінгі аудитория салыстыруға келмейді. Оқытуша алдында отырған білім алушылар қарапайым қолжетімді ақпаратты лектордан жақсы біліп отыруы мүмкін, сондықтан әр дәріске арнайы дайындықпен кіру керек. Жай ғана мәлімет үшін ақпарат беру студенттердің ынтасын өшіреді, оқытушы сараптама жасап, оны түсіндірудің ұтымды тәсілдерін тарату керек. Біз жас ұрпақтың бойында тек зияткерлікті ғана қалыптастырмай, сонымен қатар түрлі дағдылар мен құзыреттіліктерді сіңіруіміз керек.

Түлектер өз мамандығының шеңберінде жұмыспен қамтылуы үшін нақты қандай қадамдар жасалуы тиіс деп ойлайсыз?

Елімізде жұмыссыздықпен күрес қызу жүргізілгенімен, бұл мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Қазіргі уақытта жұмыссыздық дерті тек қазақ қоғамын ғана емес, әлем елдерін алаңдатып отыр. Ал Қазақстанда жұмыссыздықтың салқыны ең әуелі жастарды шарпуда. Ресми деректер бойынша еліміздегі жұмыссыз жастардың деңгейі 5,6 пайызды көрсетіп отыр.

Жастар арасындағы жұмыссыздықтың артуына себеп те аз емес. Солардың қатарында ең әуелі жоғары оқу орындарының нарық талабына сай маман даярлай алмауы, мамандарды әзірлеу үшін онда қажетті инфрақұрылымдардың болмауы, жұмыс берушілердің жас мамандарды жылы қабылдамайтындығы аталатыны анық. «Диплом бар, жұмыс жоқ». Қазір жұмыссыз жүрген жастардан тек осындай жауап алуға болады.

Осы мәселені терең зерттейтін болсақ, шешімінің ЖОО-ғы инфрақұрылымның жақсаруы мен сабақ беру сапасының жақсарылуында жатпағанын көреміз. Себебі, бүгінгі күні кез-келген деңгейдегі білім алушының оқу процесіне деген көзқарасы тек қорытынды құжатқа қол жеткізумен өлшенеді. Ол мектеп кезінде ҰБТ-ны жақсы тапсыру болса, ЖОО-да «қызыл диплом» алып шығу. Оқу барысында «не үйрене аламын»? «оны қай жерде қалай пайдалана аламын?» - деген  сұрақтар екінші жоспарда қалып отыр.

Білім алу мен жұмыс істеу бір өзеннің екі жағасы тәрізді, бірақ екеуінің арасындағы көпір бүгінгі күні бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру, түлектердің жұмысқа орналасу бойынша анықтамаларын жинау мен өндірістік тәжірибеге жіберумен сипатталады. Осы орайда, біз жастарды баға үшін оқу мәдениетін ауыстыру, білім алушыларға өз күштері мен білімдерінің өміршең екенін дәлелдеу керек деп санаймын.

Сіздің ойыңызша, бүгінгі қазақстандық білім беру жүйесінде  шешімі түйткілді болып табылатын қандай проблемалар бар?

Қазақстанның білім беру жүйесі бүгінгі күні реформалануы жағынан бірінші орында тұрған сала. Сонымен бірге заманның қарқынды дамуы білім беру саласының да қалыспауын талап етеді, осыған байланысты білім беру саласының бірнеше проблемаларын атап өтуге болады: Әсіресе, оқытушылардың қағазбастылығы. Қандай да болмасын ақпарат көзі – бұл оқытушы. Барлық есептердің кілті оқытушыда. Сондықтан білім беруге дайындалудың орнына, оқытушы көбінесе, сол білімді қалай бергені туралы есеп берумен айналысады.

Қазақстандық ғылымды дамытудағы жас  ғалымдардың  рөлі қандай?

Жас ғалымдардың орны ерекше деп санаймын. Себебі, жас ғалымдар заманауи талаптарға сай, технологияларды жетік меңгерген, тіл білімі бойынша шектеуі аз орта. Жаңа көзқарас, үлкен талаптар арқасында жастар ғылымды алға жетелейтіні сөзсіз, бірақ іргелі зерттеушілермен ғылыми мектеп байланысын да ұмытпауымыз керек.

Бізге уақытыңызды бөлгеніңіз үшін алғыс білдіреміз! Қызметіңізге сәттілік!

Әңгімелескен Дайана Майлина

Жеке мұрағаттан алынған фото


18.03.2020 397
Индекс развития молодежи
Индекс развития молодежи
29.04.2021
Портал eljastary.kz
Портал eljastary.kz
10.03.2021
Национальный доклад "Молодежь Казахстана – 2020"
Национальный доклад "Молодежь Казахстана – 2020"
10.03.2021
Научно-исследовательский центр "Молодежь"
Научно-исследовательский центр "Молодежь"
10.03.2021
Научно-исследовательский центр "Молодежь"
Научно-исследовательский центр "Молодежь"
10.03.2021
Как найти работу?
Как найти работу?
10.03.2021
Молодежные ресурсные центры
Молодежные ресурсные центры
10.03.2021
Носите маски, не подвергайте свою жизнь опасности!
Носите маски, не подвергайте свою жизнь опасности!
28.09.2020
ЖРО қызметкерлері балаларды хайуанаттар бағына апарды
ЖРО қызметкерлері балаларды хайуанаттар бағына апарды
13.02.2020
"Ақжайық жастары"- балалар үйінде
"Ақжайық жастары"- балалар үйінде
03.02.2020
"Біз біргеміз"- БҚО-да
"Біз біргеміз"- БҚО-да
03.02.2020
Волонтер дегеніміз кім?
Волонтер дегеніміз кім?
21.01.2020
Как реализовываются молодежные проекты в Казахстане?
Как реализовываются молодежные проекты в Казахстане?
22.11.2019
Как эффективно работать с молодежью?
Как эффективно работать с молодежью?
22.11.2019
Арендное жилье І Квадратный метр
Арендное жилье І Квадратный метр
12.11.2019
Грандиозное шоу в честь 10-летия фестиваля «ЖасSTAR»!
Грандиозное шоу в честь 10-летия фестиваля «ЖасSTAR»!
11.11.2019
Онлайн-курс школы молодежной политики
Онлайн-курс школы молодежной политики
29.10.2019
"Пять к одному". Эксперт рассказал о формуле гармоничных отношений в семье
"Пять к одному". Эксперт рассказал о формуле гармоничных отношений в семье
24.10.2019
Ежовые рукавицы для домашних тиранов. Общественники требуют усилить ответственность за насилие в семье
Ежовые рукавицы для домашних тиранов. Общественники требуют усилить ответственность за насилие в семье
07.10.2019
Эксперт: волонтерство – социальный лифт для молодежи
Эксперт: волонтерство – социальный лифт для молодежи
07.10.2019

Возврат к списку