Қазіргі қазақстандық жастар – отаншыл, сындарлы және мақсатқа ұмтылушы!

Қазіргі қазақстандық жастар – отаншыл, сындарлы және мақсатқа ұмтылушы!

Современная казахстанская молодежь – патриотичная, прагматичная и целеустремленная!

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Құсманғали Ғалымжан Eljastary.kz сайтына берген сұхбатында 2019 жылы орын алған маңызды оқиғалар мен алдағы жоспарлар туралы айтып берді.

Ғалымжан Мұратұлы, "Жастар" ғылыми зерттеу орталығы үшін және жалпы, ел үшін өткен жыл жастар саясаты саласында көптеген оқиғаларға толы болды. Орталықтың өткен жылғы атқарған жұмысының қорытындылары жайында айтып берсеңіз. Ең маңызды болып табылатын қандай жетістіктерді көрсете аласыз?

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен 2019 жыл біздің жастарға арналды. Осы жылы атқарылған кешенді жұмыстар бірнеше маңызды бағыттар бойынша жүргізілді, ең алдымен ол жас қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталды. Бұл қолжетімді білім алу, жұмысқа орналасуға ықпал ету, жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ, оқушы жастарды, жас мамандарды, жастар кәсіпкерлігін қолдау сияқты шаралар.  Нақтырақ айтқанда, жастар жылы аясында жүзеге асырылған іс-шаралар қазақстандық жастардың әлеуметтік дамуының барлық сатыларын қамтыды.

Өткен жылғы маңызды оқиғалардың бірі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының құрылуы болды. Институт қазақстандық қоғамның барлық өмір сүру саласын қамтитын «Рухани Жаңғыру» ауқымды бағдарламасының негізгі бастаушысы болып табылады. Біздің орталық аталған институт құрылымдарымен тығыз байланыса отырып, отбасы саясаты, конфессияаралық және этносаралық қатынастар, қоғамдық үдерістер сияқты маңызды салалар арқылы жастар мәселелерін зерттейді.

Біздің орталық өз тарапынан мемлекет пен жастар арасындағы кері байланысты жақсартуға ұмтылды. Осы орайда біз жас азаматтардың әлеуметтік өзін-өзі сезінуін анықтау мақсатында әлеуметтанулық зерттеулер жүргіздік, қазақстандық жастар бүгінде қалай өмір сүруде және олармен қалай өзара әрекет ету жайын білдік.

Жекелеген зерттеулер ауыл жастарына, NEET жастар (Not in Education, Employment or Training) санатына арналды.

Жастардың ағымдағы жай күйі мен олардың дамуының негізгі сипаттамаларын қамтитын жыл сайынғы «Қазақстан жастары – 2019» Ұлттық баяндамасын ерекше атап өтуге болады.

Сонымен бірге, біз өңірлерде семинар-тренингілер жүргіздік және мемлекеттік жастар саясаты саласында жас мамандарды оқыттық.

Жастар саласында жастар саясатын қалыптастыруға ықпал ететін акторлар көп. Соның ішінде ғылыми-зерттеу орталығының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы рөлі қандай?

Еліміздегі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Жастар және отбасы ісі комитеті, республикалық және өңірлік ұйымдар, ҮЕҰ, саяси партиялардың жастар қанаттары және басқалары сияқты маңызды акторлардың көбісі мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға кешенді түрде қарауға мүмкіндік береді.

Біздің орталығымыздың да өзінің қатаң белгіленген міндеттері бар. Негізгі мақсат – ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Ол үшін біз әлеуметтанулық зерттеулер жүргіземіз, халықаралық тәжірибені ескере отырып, жастар саясаты түрлі салаларының дамуын зерделеп, талдау жүргіземіз. Сондай-ақ, ғылыми-әдіснамалық жұмысқа түрлі салалардан отандық сарапшыларды тартамыз.

Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша біз қолданыстағы жастар мемлекеттік бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгіземіз.


Сіз әлеуметтанулық және әдіснамалық зерттеулерді атап өттіңіз. Неліктен дәл осы әлеуметтанулық зерттеулер және осы зерттеулерді жүргізу ағымдағы жылға қойылған басым міндеттерге кіре ме?

Жыл бойы әлеуметтанушылардың кәсіби командасымен бірге бірнеше ауқымды зерттеулер жүргіземіз. Бұл ең объективті ақпарат алуға мүмкіндік береді және басқа зерттеу әдістерімен салыстырғанда оның сапалы артықшылығы бар.

Өткен жылы Орталық алғаш рет NEET санатындағы жастар туралы әлеуметтанулық зерттеу жүргізді. Оқырмандарымызға менің ойымша қызықты болатын зерттеудің кейбір негізгі қорытындыларымен бөлісуді жөн деп санаймын.

Біз зерттеу барысында отбасы мен жақын адамдар жастардың негізгі әлеуметтік-экономикалық қолдауы болып табылатынын анықтадық. Бұл ретте NEET жастардың 86%-ы өз болашағын үнемі ойлайды және өз өмірін жоспарлауға тырысады. Бұл біздің жастарымыздың «қол қусырып» отырмай, өз мәселелерін шешу, соның ішінде жұмысқа орналасу мен өмір сапасын жақсарту жолдарын іздестіретінін көрсетеді. Осы санаттағы әрбір бесінші азамат тұрақты түрде кітап оқитыны қызық жайт. Бұл жастар әрдайым өзін дамытумен шұғылданатынын білдіреді.

Жоғарыда айтып кеткенімдей, жекелеген зерттеулер ауыл жастарына арналған. Әсіресе, сұралған ауыл жастарының үштен екісі олардың мектептегі білім сапасына толық қанағаттанатынын білдік. Сондай-ақ зерттеу олардың қолданымдағы өмір тұрмысы қолайлы болып табылатын жастар ауылдарда тұратынын көрсетті.  Әрине, бізде ауыл жастарының проблемаларын жасыру және тек оң нәтижелер көрсету мақсаты жоқ, олар бар және оларды шешу қажет. Осы тұрғыда ынталы ауыл жастарын қолдау бізге ауылдардағы өмірді қысқа мерзімде сапалы түрде жақсартуға мүмкіндік береді.

2019 жылы реттік жағынан жетінші болып саналатын жыл сайынғы Ұлттық баяндаманың жарыққа шыққанын атап кеттіңіз, оның негізгі аудиториясы кім? Кімдер үшін ол пайдалы?

Осы жылдар ішінде «Қазақстан жастары» Ұлттық баяндамасының өзінің кең аудиториясы пайда болды. Бұл жастар саясатын әзірлеу және іске асыру үшін негіз болып табылатын осы құжатты пайдаланушылар -   ғылыми-сараптамалық қауымдастық, мемлекеттік органдар мен жастар саясаты институттары, оқу орындары, үіметтік емес ұйымдар. Біздің Eljastary.kz ресми сайтымыздан 2013 жылдан бастап барлық ұлттық баяндамалардың электрондық нұсқаларын табуға болады.

Біз баяндаманың тікелей қазақстандық жастарға қызықты болғанын қалаймыз. Сондықтан да баяндамалар жастарға арналған өзекті тақырыптарға жазылған және үш тілде қолжетімді. Жыл сайын біз инфографиканы көбірек пайдалануға тырысамыз, себебі ақпаратты көзбен көру мәтінмен салыстырғанда әрқашан тиімді екенін түсінеміз.

Біз үшін бұл жоба негізгі болып табылады және біз қазақстандық жастарды жеке серпінді әлеуметтік-демографиялық санат ретінде тереңінен зерттеуге мүмкіндігіміз бар екенін мақтан тұтамыз.

Осы жылы қандай қызықты жобаларды іске асыруды жоспарлап отырсыз?

Ағымдағы жылы біз мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерінде ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетуді жалғастыратын боламыз. Бізде бірнеше зерттеулер жүргізу жоспарланған.

Атап айтқанда, қоғамда белсенді түрде талқыланатын өзекті тақырыптардың бірі Қазақстаннан көшу процесінің күшеюі болып табылады. 2014 жылдан бастап жастар арасында көші-қонның теріс сальдосы байқалатынын мойындау керек. Көшудің ең үлкен көрсеткіші 2018 жылға келеді, яғни бұл жылы 5000-ға жуық жас азаматтар елден кеткен. Осы орайда, біз аталмыш проблемаға қатысты жан-жақты талдау жасап, жастар арасындағы көші-қондық көңіл-күйді анықтауды жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, жастар арасындағы суицид мәселесін тереңірек зерделегіміз келеді. «Қазақстан жастары-2019» Ұлттық баяндамасында ұсынылған талдау мәліметтеріне сәйкес, елімізде суицид әрекетінің шамамен 40%-ын жас адамдар жасайды.

Біздің жұмысымыздың тағы бір маңызды бағыты Жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіру болып табылады. Мәселен, біз бірнеше өңірлерде семинар-тренингілер өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл үшін жастар саясаты саласында жас мамандарды оқытатын кәсіби жаттықтырушылар шақырылатын болады.

Қорытындылай келе, Сіздің мемлекеттік құрылымдардағы және жастар саясатын дамытудағы көпжылдық тәжірибеңізді ескере отырып, Қазақстан жастарын қысқаша қалай сипаттап берер едіңіз?

Қазіргі қазақстандық жастар отаншыл, сындарлы және мақсатқа ұмтылушы екендігі күмәнсіз, бұны біз жүргізген көптеген зерттеулер де қуаттай түседі.

Әңгімелескен Динара Абуова

Фото Дайана Майлина
18.02.2020 2144
Индекс развития молодежи
Индекс развития молодежи
29.04.2021
Портал eljastary.kz
Портал eljastary.kz
10.03.2021
Национальный доклад "Молодежь Казахстана – 2020"
Национальный доклад "Молодежь Казахстана – 2020"
10.03.2021
Научно-исследовательский центр "Молодежь"
Научно-исследовательский центр "Молодежь"
10.03.2021
Научно-исследовательский центр "Молодежь"
Научно-исследовательский центр "Молодежь"
10.03.2021
Как найти работу?
Как найти работу?
10.03.2021
Молодежные ресурсные центры
Молодежные ресурсные центры
10.03.2021
Носите маски, не подвергайте свою жизнь опасности!
Носите маски, не подвергайте свою жизнь опасности!
28.09.2020
ЖРО қызметкерлері балаларды хайуанаттар бағына апарды
ЖРО қызметкерлері балаларды хайуанаттар бағына апарды
13.02.2020
"Ақжайық жастары"- балалар үйінде
"Ақжайық жастары"- балалар үйінде
03.02.2020
"Біз біргеміз"- БҚО-да
"Біз біргеміз"- БҚО-да
03.02.2020
Волонтер дегеніміз кім?
Волонтер дегеніміз кім?
21.01.2020
Как реализовываются молодежные проекты в Казахстане?
Как реализовываются молодежные проекты в Казахстане?
22.11.2019
Как эффективно работать с молодежью?
Как эффективно работать с молодежью?
22.11.2019
Арендное жилье І Квадратный метр
Арендное жилье І Квадратный метр
12.11.2019
Грандиозное шоу в честь 10-летия фестиваля «ЖасSTAR»!
Грандиозное шоу в честь 10-летия фестиваля «ЖасSTAR»!
11.11.2019
Онлайн-курс школы молодежной политики
Онлайн-курс школы молодежной политики
29.10.2019
"Пять к одному". Эксперт рассказал о формуле гармоничных отношений в семье
"Пять к одному". Эксперт рассказал о формуле гармоничных отношений в семье
24.10.2019
Ежовые рукавицы для домашних тиранов. Общественники требуют усилить ответственность за насилие в семье
Ежовые рукавицы для домашних тиранов. Общественники требуют усилить ответственность за насилие в семье
07.10.2019
Эксперт: волонтерство – социальный лифт для молодежи
Эксперт: волонтерство – социальный лифт для молодежи
07.10.2019

Возврат к списку