ҒЗО тарихы
ҒЗО тарихы

ҒЗО тарихы

Алғаш құрылғалы бері «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы көптеген өзгерістерден өтті. Алайда, әр өзгеріс сайын орталықтың рөлі мен маңызы арта түсті. Бүгінгі таңда бұл орталық – қазақстандық жастардың әлеуметтік өзсезінімі мен негізгі тенденцияларын жүйелі түрде зерттейтін жалғыз әрі бірегей мекеме.


2012

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының XIX сессиясында жастар ортасында болып жатқан процестерді терең зерттеу, жастардың әлеуметтік әл-ауқатын үнемі қадағалап отыру қажеттігін атап өтті. Осы міндеттерді орындау үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» құрылды..

Жаңадан құрылған «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі болды.


2013

2013 жылғы 11 ақпанда Л.Н. Гумилев атандағы Еуразия ұлттық университетінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 115 қаулысы қабылданды.

2013 жылғы 28 ақпанда Л.Н. Гумилев атандағы Еуразия ұлттық университеті ректорының «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС құру туралы бұйрығы бекітілді. 

2013 жылғы 4 наурызда Әділет министрлігінде Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті.

2013 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде № 003370 аккредиттеу туралы куәлік берді.

2013 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі жөніндегі комитеттің қолдауымен елдегі алғашқы «Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы жарық көрді.


2014

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ЮНИСЕФ-тің Жастар саясаты зертханаларының (Youth Policy Labs) халықаралық консультанттарының әдістемелік және талдамалық қолдауымен «Қазақстан жастарының әл-ауқатының индексі» бірлескен баяндамасы үшін Жастармен ұлттық онлайн-консультациялар өткізді. Бұл есеп және Ұлттық онлайн-консультациялардың нәтижесі – жастар әл-ауқаты мен дамуының негізгі бағыттары бойынша сапалы әрі сандық деректерді талдайтын жиынтық индекс.

2015

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының мәртебесі заңды түрде бекітілді. 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми зерттеулер жүргізіп, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға әдістемелік қолдау көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 243 бұйрығымен республикада тұңғыш рет Жастар ресурстық орталықтары құрылды.

2015-2016 жж. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан жастарының конгресімен бірлесіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Жастарға мейірімді мекен» пилоттық жобасын жүзеге асырды. Осы жоба аясында жергілікті деңгейде жастар саясатын бағалаудың индикаторлар жүйесі жасалып, сынақтан өтті. БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) техникалық көмегінің арқасында Қазақстанда бұл көрсеткіштер жүйесі «Жастарға мейірімді мекен» жастар әл-ауқатының индексі ретінде қайта жасалып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілді. Ол индекстің құрамына 5 бағыт кірді: білім беру, денсаулық сақтау және әл-ауқат, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, жастардың саяси және азаматтық қатысуы.

2016

2016 жылғы 30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өткен Республикалық жастар форумының қатысушылары жылдың ең маңызды құжаттарының бірі – үшінші «Қазақстан жастары – 2016» ұлттық баяндамасын қарап, мақұлдады. Республикалық жастар форумы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Іс-шара тәуелсіз Қазақстанның 25 жылындағы жастар мен жастар саясатының жетістіктерін көрсетуге бағытталды. 1 желтоқсанда форум аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастармен кездесті.


2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі қаулысымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-де мемлекеттік үлесті иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне өтті (қазіргі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі).


Ғылыми-зерттеу орталықтың жаңа логотипі бекітілді.


2018

2018 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлік берді.

2019

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 223 қаулысы негізінде «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ құрылды. Оның жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен және мемлекеттің «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС жарғылық капиталына қатысудың үлесін 100 % аудару жолымен қалыптасты.

«Жастар» ҒЗО» ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті иелену және пайдалану құқығын «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ жүзеге асырады.

2020

2020 жылғы 11 наурызда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жалғыз қатысушысының – «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ-тың шешімімен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Бақылау кеңесі бекітілді.

Жастарды дамытудың өзекті мәселелері бойынша сараптамалық талқылау өткізу үшін «JASTAR: ózekti másele» сараптамалық алаңы ұйымдастырылды. Бұл жобаның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидалары мен құндылықтарын ескере отырып, сарапшылар мен қоғам арасында жастардың өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікірталас пен диалогты қамтамасыз ету.


Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың зерттеу қызметін қолдау, жастар арасында білімнің салтанат құруы идеясын насихаттау, сондай-ақ елдің болашақ ғылыми әлеуетін дамыту үшін «Zertteý» жобасы іске қосылды. Бұл жобаның мақсаты – жас мамандарды, оның ішінде жоғары оқу орындарындағы студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді тарту арқылы жастар саясаты саласындағы зерттеу бағытын кеңейту.


2021

Орталық NEET санатындағы жастарды анықтау және есептеу әдістемесінің алгоритмін әзірледі. NEET жастарымен жұмыс жөніндегі республикалық жобалық кеңсенің алаңында мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен бірқатар кездесу өткізілді, соның барысында NEET жастарын анықтаудың қосымша тетіктері ұсынылды.

5 қарашада Астанада 209 ЖРО-ның барлық басшысының қатысуымен жастар ресурстық орталықтары қызметінің өзекті мәселелері бойынша шешімдерді әзірлеу бойынша ЖРО-лардың I алқасы өтті.

«Қазақстан жастары – 2023: Тәуелсіздікке – 30 жыл» ұлттық баяндамасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы призмасы арқылы қаралды.

2022

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындалды.

Орталық қазақстандық сарапшылардың қатысуымен Жастар саясаты тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Тұжырымдама бойынша ұсыныстарды жинау, сондай-ақ құжаттың мазмұнын талқылау үшін 8 жұмыс топтары құрылып, отырысы өткізілді.

ҮЕҰ және сарапшылармен бірлесе отырып, ЖРО жұмыс істеу ережесінің жобасы әзірленді. Бұл Ереже персоналға қойылатын біліктілік талаптарын енгізу, ЖРО-ны минимал материалдық-техникалық жарақтандыру, мемлекеттік емес ЖРО мүмкіндігін енгізу және ЖРО-ның үш жылдық жұмыс бағдарламасын даярлауға бағытталды.

2022 жылы алғаш рет жас мамандарға арналған семинар-тренингтерді дайындау кезеңінде ЖРО қызметкерлері арасында мотивациялық эсселер негізінде іріктеу жүргізілді.

Үздік ЖРО жобаларының екінші жинағы дайындалды. 2022 жылғы жобалардың ағымдағы бағыттары жастарды жұмысқа орналастыруға дайындауға және кәсіптік бағдар беруге, бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, құзыреттіліктерін және тәуелсіздігін дамытуға көмектесу, жастардың инновациялық және кәсіпкерлік белсенділігін арттыру, қолдау және волонтерлік қызметті дамыту, мәдениет пен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Қазақстан жастарының жағдайы мен әл-ауқаты туралы оныншы «Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасы жарық көрді.

2023

ҒЗО

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастар арасындағы түрлі өзекті мәселелерді талқылайтын «JastarX» бірегей сараптамалық алаңын ұйымдастырды. Жыл басынан бері «Қазақ айдентикасы: өткені мен бүгіні» және «Тәуелсіз Қазақстандағы тәуелділер» атты екі кездесу өтті.