Іс-шаралар
«JastarX» сараптамалық алаңының «Адал Азамат: мәдениеттіліктің негізі неде?» тақырыбындағы бесінші кездесуі, 2023 жылғы 21 қыркүйек

«JastarX» сараптамалық алаңының «Адал Азамат: мәдениеттіліктің негізі неде?» тақырыбындағы бесінші кездесуі, 2023 жылғы 21 қыркүйек

«JastarX» сараптамалық алаңының «Адал Азамат: мәдениеттіліктің негізі неде?» тақырыбындағы бесінші кездесуі, 2023 жылғы 21 қыркүйек

2023 жылы 21 қыркүйекте Павлодар облысы, Екібастұз қаласында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «JASTARx» сараптамалық алаңының бесінші кездесуі өтті. Алаң «Адал Азамат: мәдениеттіліктің негізі неде?» тақырыбында ұйымдастырылды.

«JASTARx» алаңында әрбір тұлғаның бойындағы мәдениеттілікті қалыптастыратын және оны арттыратын негізгі факторлар талқыланды.

Іс-шараға Екібастұз қаласының əкімі Бейсекин Аян Уахитұлы, оның орынбасары Иманғалиева Бибігүл Сағынтайқызы, Екібастұз қаласы ЖБДО директоры, қалалық мəслихат депутаты Құсан Еркін Аманкелдіұлы, сонымен қатар жас сарапшылар, БАҚ өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Сараптамалық алаңда спикер ретінде JCI Ltd жеке компаниясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай, «Қайнар» БДО-дағы мектеп кәсіпкерлігі бойынша стартап-клубтың негізін қалаушы, педагог-ұйымдастырушы Айдана Жұмабекова, «АMANAT» партиясы Павлодар қалалық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық маслихат депутаты, депутаттық фракция басшысы Санира Жүсіпова, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі менеджері Гульжамиля Камарова сөз сөйледі.

Мұрат Жұманбай «Бүгінгі таңда креативті индустрияның қайнаған ортасы Жайдарман ойындарының жастар бойындағы мәдениеттілік негіздерін қалыптастырудағы рөлі үлкен. Креативті индустрияның қазіргі таңдағы кадрлық ұстаханасы жайдарманшылардан құралуда. Жайдарман түлектері қоғамның әр саласында сәтті қызмет атқарып жүр. Бұл өз кезегінде ел азаматтарының мәдениеттілік негіздерін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосуда. Өйткені Жайдарманның басты құндылықтарының бірі – мәдениеттілік», - деді өз сөзінде.

Ал Айдана Жұмабекова мәдениеттілік негіздерін қалыптастыруда білімнің алатын орны туралы кеңінен талқылады.

«Жай ғана ел қатарлы оқып, диплом ала салу жеткіліксіз. Өзіңнің білім алу жолыңды сатылай құру, іздену, еңбектену, білімге тәрбие негіздерін қосу маңызды. Неліктен мәдениеттілік білімнен көрініс табады? Өйткені білімді адам өзінің оқуға жұмсаған уақыты мен күшінің қадірін біледі. Сондықтан ешқашан мәдениетсіздікке жол бермейді», - деді ол.

          Осы турасында «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі менеджері Гульжамиля Камарова «Өзіңді, өзгелерді, тұратын жеріңді, айналаңды сыйлау, қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас құру – мәдениеттіліктің негізі. Мұндай қасиеттерді адамның бойына бала кезден сіңірген жөн», - деді.

          Кездесу соңында Екібастұз қаласының əкімі Бейсекин Аян Уахитұлы сараптамалық алаңды ұйымдастырушы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығына алғысын білдіріп, мұндай кездесулердің жастар үшін маңызы зор екенін атап өтті.

         

284

Тізімге оралу