Video | ELJASTARY

Video



Нәзипа Құлжанова - Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист, ұстаз, этнограф, аудармашы. Алаш қозғалысы негізінде қайраткерлігімен көзге түскен қазақ қыздарының бірі. 
Нәзипа Сағызбайқызы 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясын, 1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін бітіреді. Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаз болған. 
1914 жылы Семей қаласындағы Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырады. 
"Айқап", "Қазақ", "Сарыарқа", "Алаш" газеттерінде оқу-ағарту, әйел мәселелеріне байланысты мақалалар жазып тұрды. Бірнеше басылымдарда жауапты қызметтер атқарады. Ұзақ жыл оқытушы болып істеген Нәзипа қазақ мектептері үшін оқулықтар жазған. 
"Мектептен бұрынғы тәрбие", "Ана мен бала тәрбиесі" атты әдістемелік кітаптары басылып шығады. Затаевичке "Ғайни-ау, сәулем", "Қадыр зары" әндерін жаздырған. 1934 жылы қайтыс болған. 

28.04.2018
1803

Back to the list