8 шілдеде Астана қаласында «Қазақстан жастары цифрлық өзгерістер дәуірінде» тақырыбында сарапшылық пікірталас өтеді.
Іс-шара барысында қазақстандық жастарға арналған әлеуметтік зерттеу нәтижелері таныстырылып, олардың қорытындылары кәсіби сарапшылардың қатысуымен талқыланады.
Пікірталас аясында жастардың құндылықтық ұстанымдары, цифрлық кеңістіктегі белсенділігі, заманауи әлеуметтік үрдістер және мемлекеттік жастар саясатының даму бағыттары сөз болады.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, академиялық және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері, зерттеушілер, жастар саясаты саласының мамандары, сондай-ақ қызығушылық танытқан барлық азаматтарды қатысуға шақырамыз.
Қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы алдын ала онлайн тіркеліңіз. Орын саны шектеулі.
