Skip to content
  • Ср. Май 20th, 2026
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы»

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы»

  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
    • English
  • Басты бет
    • Құрылым
      • Құрылым
      • Қызмет бағыты
    • Нормативтер
    • КОМПЛАЕНС
    • Онлайн қабылдау
    • Бос жұмыс орындары
    • Мемлекеттік сатып алу
  • Орталық туралы
    • Біз туралы
    • Біз туралы БАҚ
    • Ақылы қызмет
    • Байланыс
  • Біздің команда
  • Медиа
    • Фотогалерея
  • Зерттеулер және аналитика
  • Әдістемелік құралдар
  • Баяндамалар
  • Әлеуметтанулық зерттеулер
  • Республикалық жастар ұйымдары
  • Жастар ресурстық орталықтары
жаңалықтар

Жаһандық мінбедегі қазақ жастары

Byadmin

Май 19, 2026

БҰҰ ЭКОСОС Жастар форумының Қазақстан үшін мәні

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Жаһандық мінбедегі қазақ жастары

БҰҰ ЭКОСОС Жастар форумының Қазақстан үшін мәні

«Жасанды интеллект маманның орнын баспайды. Тек цифрлық технологияларды меңгерген маман бірнеше қызметті қатар орындай алады»,— дейді Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан НАХБАЕВА БҰҰ ЭКОСОС Жастар форумы аясында берген сұхбатында.

 

Жуырда Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі (ЭКОСОС) аясындағы Жастар форумы өтті. Жыл сайын жүздеген ел өкілін бір алаңға жинайтын бұл жиын жас буынға қатысты жаһандық саясаттың сүзгіден өтетін маңызды тұғыры. Биылғы форумға Қазақстаннан жастар және қоғамдық ұйымдардың он өкілінен тұратын делегация қатысты.

«Форум халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ қазақстандық жастар саясатын ілгерілетуге арналған бірегей алаңға айналды»,- дейді Г.Нахбаева. Іссапар барысында БҰҰ Бас хатшысының жастар ісі жөніндегі көмекшісі Фелипе Паульермен арнайы кездесу өткізілген. Орталық директорының айтуынша, дипломат Орталық Азия елдерін жаһандық бастамаларға кеңінен тарту ниетін білдірген.

«Жастар» орталығының қызметі тым танымал болмағанымен мемлекеттік шешімдердің іргетасына айналған құрылым. Социологиялық сауалнамалар, аналитикалық есептер, мемлекеттік органдарға арналған сараптамалық қорытындылар – бұл жастар саясатын жалаң ұраннан салмақты стратегияға айналдыратын күрделі әрі іргелі еңбек.

«Бұл тәсіл шешімдерді нақты деректерге сүйеніп қабылдауға мүмкіндік береді»,- деп түсіндіреді Гүлісхан Нахбаева. Тап осы аналитикалық негіз бүгінде Қазақстанның халықаралық сахнадағы келбетін айқындап отыр: жастар, тұрақты демографиялық өсім әрі айқын әлеуеті бар мемлекет деген қазіргі әлемде сирек ұшырасатын құбылыс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жылы елімізде бір уақыт Волонтерлер жылы әрі Цифрландыру мен жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Бұл – кездейсоқ үйлесім емес. Себебі ел кез келген қаражатпен сатып алуға болмайтын екі құндылыққа сүйеніп отыр: ол – азаматтық белсенділік пен технологиялық құзырет.

Гүлісханның айтуынша, волонтерлік қозғалыс БҰҰ тарапынан зор қызығушылық туғызған. Бұл түсінікті де. Жаһандық институттар ерікті көмекті тек қайырымдылық ретінде емес, әлеуметтік ынтымақ пен болашақ көшбасшыларды тәрбиелеудің тиімді тетігі ретінде бағалай бастады.

Цифрландыруға қатысты қазақстандық тараптың ұстанымы айқын: жасанды интеллектіні тежеу емес, оған жедел бейімделу. IT-хабтар, стартап-экожүйе, заманауи білім беру бағдарламалары – мұның бәрі жас қазақстандық алгоритммен бәсекеге түспей, керісінше, оны өз пайдасына шеберлікпен жұмсауы үшін қажет.

Әлемнің көптеген елі демографиялық құлдырауға тап болып отырған тұста Қазақстан керісінше үрдіс көрсетіп отыр. Бүгінде елімізде шамамен 6 миллион жас азамат бар, ал 2040 жылға қарай бұл сан 8 миллионға дейін өсуі мүмкін. Екі-үш бала, ал кейде одан да көп тәрбиелейтін шаңырақ – қазақ отбасы үшін әлі күнге қалыпты көрініс. Туу деңгейі әсіресе оңтүстік өңірлерде жоғары.

Мемлекет осы әлеуетке институционалдық жауап беріп, «жастар» санатының жас шегін 14-29-дан 14-35-ке дейін ұлғайтты. Бір қарағанда техникалық қадам болып көрінгенімен, мұның артында мемлекеттік қолдау бағдарламаларына, гранттар мен әлеуметтік лифтілерге қол жеткізген миллиондаған жас азаматтың тағдыры тұр.

Елдегі жастар жұмыссыздығының деңгейі – 3,1%. Бұл өткен жылғы 3,2%-дан төмен. Экономикада жақсы көрсеткіш. Айта кетерлік бір жайт: орталықтың бақылауы бойынша, жастардың бір бөлігі саналы түрде ізденіс үзілісін (gap year), яғни өзін-өзі тану мен мақсатын қайта саралау үшін уақытша демалысқа шығады. Бұрын батыс жастарына тән үрдіс саналған бұл құбылыс енді қазақстандық шынайылықтың бір көрінісіне айналып келеді.

«Жастар» ҒЗО-ның соңғы он жылғы зерттеулері қазақстандық жастардың құндылықтар жүйесі тұрақты екенін көрсетеді. Бірінші орында – отбасы, одан кейін денсаулық, білім және кәсіби даму. Бұл реттілік технологиялық дәуірлердің ауысуына, дүниежүзілік пандемияға, тіпті геосаяси сілкіністерге қарамастан өзгермеген.

Алайда көрініс өзекті мәселелер туралы ашық айтқанда ғана толық болмақ. Г.Нахбаева: өңірлік теңсіздік – мегаполистер мен ауылдық аудандар арасындағы өмір сапасы мен инфрақұрылым деңгейіндегі алшақтық; білімге қол жеткізудегі айырмашылықтар, әсіресе шағын елді мекендерде; қыздарға арналған мүмкіндіктер – мемлекеттік бағдарламалар мен ҮЕҰ күш-жігеріне қарамастан, мансап жолындағы гендерлік алшақтық әлі сақталып отыр.

Осы проблемаларды халықаралық алаңда ашық мойындау – әлсіздіктің емес, керісінше, саясаттың кемелденгенінің белгісі. Әдетте өз кемшілігін жасырмайтын ел оны жылдамырақ еңсереді.

ЭКОСОС Жастар форумы – тек келіссөздер мен талқылаудан тұратын алаң емес. Бұл алдағы онжылдықта жаһандық күн тәртібін айқындайтын тұғыр. Сапар қорытындысына сүйенсек, Қазақстан осы алаңда жетекші рөлге толық үміткер екенін нақтылап берді.

Қазақстан делегациясы елге нақты нәтижемен оралды. Орталық Азия елдері тарихта алғаш рет БҰҰ-ның жастар бастамаларының шеткері емес, белсенді қатысушысы болуға мүмкіндік алды. Ал бұл мүмкіндіктің артында бұқаралық ақпарат құралдарында сирек жазылатын зор еңбек: социологиялық таңдамалар, аналитикалық графиктер, кәсіби есептер тұр.

Навигация по записям

Қазақстан жастары қандай контент көреді?

By admin

Related Post

жаңалықтар

Қазақстан жастары қандай контент көреді?

Май 14, 2026 admin
жаңалықтар

Бүгінгі Қазақстан жастары үшін ең маңызды құндылықтар қандай?

Май 14, 2026 admin
жаңалықтар

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Jastar Research Hub» жобасының іске қосылғанын хабарлайды.

Май 4, 2026 admin

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Janalyktar

жаңалықтар

Жаһандық мінбедегі қазақ жастары

19 мая, 2026 admin
жаңалықтар

Қазақстан жастары қандай контент көреді?

14 мая, 2026 admin
жаңалықтар

Бүгінгі Қазақстан жастары үшін ең маңызды құндылықтар қандай?

14 мая, 2026 admin
жаңалықтар

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Jastar Research Hub» жобасының іске қосылғанын хабарлайды.

4 мая, 2026 admin
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы»

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы»

Proudly powered by WordPress | Theme: Newsup by Themeansar.

  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
    • English
  • Басты бет
    • Құрылым
      • Құрылым
      • Қызмет бағыты
    • Нормативтер
    • КОМПЛАЕНС
    • Онлайн қабылдау
    • Бос жұмыс орындары
    • Мемлекеттік сатып алу
  • Орталық туралы
    • Біз туралы
    • Біз туралы БАҚ
    • Ақылы қызмет
    • Байланыс
  • Біздің команда
  • Медиа
    • Фотогалерея
  • Зерттеулер және аналитика
  • Әдістемелік құралдар
  • Баяндамалар
  • Әлеуметтанулық зерттеулер
  • Республикалық жастар ұйымдары
  • Жастар ресурстық орталықтары