Ұйымның толық атауы
«Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі
Республика бойынша филиалдардың саны (нақты қандай өңірлерде)
20 филиал: Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Атырау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Ұлытау облысы, Абай облысы, Жетісу облысы.
Миссиясы
Қазақстан жастарының, әсіресе студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.
Алдағы уақытта көрінісі (Vision)
Қазақстанда студенттер қоғамның белсенді қозғаушы күші ретінде танылып, өз құқықтары мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алатын, инновациялық ойлайтын және ел дамуына нақты үлес қосатын зияткер ұрпақ қалыптастыру.
Негізгі міндеттері
- Студенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
- Жастар арасында азаматтық белсенділікті арттыру.
- Білім беру сапасын жақсартуға ықпал ету.
- Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту.
- Әлеуметтік, мәдени және ғылыми бастамаларды қолдау.
- Жастар саясатын жетілдіруге ұсыныстар енгізу.
Қызметінің негізгі бағыттары
- Студенттердің құқықтарын қорғау және құқықтық ағарту жұмыстары.
- Білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған жобалар.
- Жастардың көшбасшылық және кәсіби дағдыларын дамыту.
- Әлеуметтік жобалар мен еріктілік қозғалыстарын ұйымдастыру.
- Республикалық және өңірлік деңгейде іс-шаралар өткізу.
- Мемлекеттік органдармен және серіктес ұйымдармен өзара іс-қимыл.
Негізгі жобалар
2016 жыл
«ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған студенттер спартакиадасы» – бірінші курс студенттері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және командалық рухты қалыптастыруға бағытталған республикалық спорттық жоба.
Үштілдік білім беруді ілгерілету жобасы – жастардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру іс-шаралар кешені.
2017 жыл
«Жас сақшы» студенттік құқық тәртібі жасақтары – студент жастарды қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына тартуға бағытталған жоба.
2018 жыл
Этносаралық келісімді нығайту жобасы – жастар арасында толеранттылықты, мәдениетаралық диалогты және қоғамдық келісімді дамытуға бағытталған іс-шаралар кешені.
Мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған жобалар – ерекше қажеттілігі бар жастарды әлеуметтік және мәдени өмірге тартуға бағытталған бастамалар.
Өңірлік жастар форумы – жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыруға арналған іс-шара.
«StepUp» жастар фестивалі – шығармашылық және би мәдениетін дамытуға бағытталған жастар фестивалі.
Ең танымал бастамалар
- «JAS POWER TALKS»
- «ASK CAMP»
- «Q-idea»
- «Студенттік омбудсмен институты»
- «StepUp» жастар фестивалі
- Республикалық студенттер слеті
- Волонтерлік республикалық акциялар
Нәтижелері / әсері
- 61 000+ жас «Jas Power» жобасы аясында тікелей қамтылды.
- 3 100+ студент «StudUnion» жобасы арқылы өзін-өзі басқару жүйесіне тартылды.
- 15 000+ жас волонтерлік қызметке тартылды.
- 700+ волонтер «Мейірімді Жетісу» жобасы аясында жүйелі қызметке жұмылдырылды.
- 100+ іс-шара ұйымдастырылды.
- 100 000+ адам ақпараттық қамтумен қамтылды.
<
```