Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы жанындағы «КЕЛЕШЕК» Жастар кеңесі
Ұйымның толық атауы (БСН және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып – РҚБ, ҚБ, ЖШС және т.б.): Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы жанындағы «КЕЛЕШЕК» Жастар кеңесі
БСН: 940640001778
Ұйымның логотипі:
Басшының ТАӘ: СӘЛІМГЕРЕЕВ Аян Сәкенұлы Лауазымы: Төраға
Фото:
Республика бойынша филиалдардың саны (нақты қандай өңірлерде): 18 филиал: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.
Миссиясы:
2030 жылға қарай кәсіподақтардағы жастар үлесін 30%-ға дейін арттыру.
«Кәсіподақ амбассадорлары» желісін құру (студенттер, жас мамандар, цифрлық көшбасшылар).
Жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және құзыреттерін дамыту (ЖИ, климаттық әділеттілік, икемді жұмыспен қамтуға арналған дағдылар).
Ұжымдық шарттар мен келісімдерде жастардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Кәсіподақтардың басқару органдарында жастардың рөлін күшейту – 35 жасқа дейінгі жастар үшін 20% квота енгізу.
Білім беру бағдарламаларын дамыту: көшбасшылық, тәлімгерлік, кәсіби даму.
ХЕҰ, ХКК және СПСЦА халықаралық бағдарламаларына қатысу.
Волонтерлік және қайырымдылық бастамаларды қолдау және дамыту.
Алдағы уақытта көрінісі (Vision):
Кәсіподақтар қатарындағы жастар санын 500 000 адамға дейін арттыру.
• Жастар арасынан кадрлық резервті және жаңа кәсіподақ көшбасшыларын даярлау.
• Кәсіподақтардың жастар арасындағы имиджін заманауи, қуатты және ашық институт ретінде нығайту.
• Халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
• Өзара іс-қимылдың цифрлық құралдарын енгізу.
