Новости
Ақтөбелік жастар жалғызбасты қарияларды қамқорлыққа алды

Ақтөбелік жастар жалғызбасты қарияларды қамқорлыққа алды

Ақтөбелік жастар жалғызбасты қарияларды қамқорлыққа алды

Ақтөбелік жастар жалғызбасты қарияларды қамқорлыққа алды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Жас Отан» жастар қанаты қарияларды қамқорлығына алды. Жастар ардагерлердің үйін тазалап, ауласындағы қарды шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қартайған шағында жалғыз тұратын қариялар үнемі күтімді қажет етеді. Өз бетімен қозғалуы қиын ардагерлер қыста жер үй ауласындағы қарды шығара алмайды. Мұндайда "ЖасОтанжастар қанаты үнемі көмектесуге әзір. Ақтөбе облысында көмекке зәру және ерекше көңіл бөлуді қажет ететін 42 зейнеткер бар. Жастар еңбек ардагерлері Самал Селбаева, Зоя Бойко және Анастасия Прихноға барып, азық-түлік апарды, қардан ауласын тазартты. Самал Селбаева 70 жасқа толады. Ол 40 жыл медицина саласында еңбек еткен. 

Қазір үйінде жалғыз. Үш  баласы басқа қалаларда жұмыс істейді.

 

«Үйім ылдида орналасқан. Еріген қар суы жиналмас үшін ауланың ішін қардан жиі тазартып тұру қажет. Бұл жұмысқа үнемі жасотандықтар көмек көрсетіп келеді. Мені ешқашан ұмытпайды. Ал Тоқтар есімді жас жігі маған өзімнің баламдай болып кетті. Әр демалыста келеді»,  - деді зейнеткер.

Ал Зоя Бойко білім саласында 40 жыл жұмыс істеген. Ол қаланың ескі бөлігінде жалғыз тұрады. Жасотандықтар оның үйіне де жиі барады.

«Ата-анамыз бізді әдепті, үлкенді сыйлап, кішіге үлгі болуға тәрбиелеп келеді. Менің де 70 жастан асқан ата-әжем бар. Сондықтан қарияларға көмек көрсету туралы ұсыныс жасағанда бірден келісіп, достарымызбен бірге еріктілер тобын құрдық. Біз қамқорлығымыздағы ата-әжелерімізге ауа райы мен жұмысымызға қарамастан апта сайын барамыз. Бармай қалу оларға ауыр тиеді, ал бұл дұрыс емес. Аға буынға қамқорлық жасау - парасатты парызымыз», - деді «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі Медет Әбенов.

26.11.2018

Возврат к списку