8 шілдеде Астана қаласында «Қазақстан жастары цифрлық өзгерістер дәуірінде» тақырыбында сарапшылық пікірталас ұйымдастырылады.

Іс-шара қазақстандық жастарға арналған әлеуметтік зерттеу нәтижелерін таныстыруға және оларды кәсіби ортада талқылауға арналған. Сарапшылар жастардың құндылықтық ұстанымдары, цифрлық кеңістіктегі белсенділігі, қазіргі әлеуметтік үрдістер және мемлекеттік жастар саясатының даму бағыттары жөнінде пікір алмасады.

Пікірталасқа қатысу үшін мемлекеттік органдардың, академиялық және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері, зерттеушілер, жастар саясаты саласының мамандары мен қызығушылық танытқан азаматтарды шақырамыз.

Қатысу үшін алдын ала онлайн тіркелу міндетті. Орын саны шектеулі.

Тіркелу

By admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *